Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

«Қазірғі заманғы реформалар контекстінде Қазақстандағы орта білім беру мазмұнын жетілдіру» зерттеу жобасы (2014-2016 жж)

артқа

«Қазірғі заманғы реформалар контекстінде Қазақстандағы орта білім беру мазмұнын жетілдіру» зерттеу жобасы (2014-2016 жж)

«Қазірғі заманғы реформалар контекстінде Қазақстандағы орта білім беру мазмұнын жетілдіру»  -  бұл қазіргі таңда стратегиялық және тығыз серіктестікте отандық Жоғары білім беру мектебінің зерттеушілері және Кембридж Университеті Білім беру факультетінің халықаралық сарапшыларымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан ғылыми жоба. Халықаралық зерттеудің негізгі міндеті орта білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларды зерттеу және жүйенің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін шаралар мен шарттарды анықтау.
Жобаны 3 кезеңде, 2014 жылдан бастап 2016 жылдары арасында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бірлескен ғылыми топтар бірінші кезеңнің 3 негізгі бағыттарын анықтады: орта жалпы білім беру мектептеріндегі білім инновацияларының даму мәселелері, білім беру саласындағы реформалар аясындағы басшылар мен мұғалімдердің рөлі және орта мен жоғары білім беру деңгейлер арасындағы сабақтастық пен өзара байланыспен қамтамасыз ету мәселелері.
Сауалнама, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу және фокус группалар сияқты мәліметті жинау диагностикалық әдістері 2014 жылдың қаңтарынан бастап мамырға дейін қажетті мәлеметке қол жеткізу үшін ұйымдастырылды. Жалпы орта жалпы білім беретін мектептерден 90 мұғалім, 46 директорлар мен оқу ісінің меңгерушілері, жоғары оқу орындарының 3 ректоры мен 4 проректордан жауап алынды, сондай-ақ жоғарғы сыныптарының 93 оқушыдан және Қазақстан университеттерінің бірінші курс студенттерінен жауап алынды. Сонымен қатар, елдің түрлі аймақтарындағы қалалық және аудандық білім басқармасы өкілдерімен сұхбаттар жүргізілді. Анонимдік сауалнама арқылы жауап берген 10 және 11 сыныптарының 876 оқушысы зерттеу жүргізуге қосымша іріктеу санын құрады. Зерттеу топтарының кейінгі міндеті сапалық және сандық мәліметтерді тиісті түрде талдау болады.
Осы жобаның ерекшелігінің бірі солтүстік, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік, батыс және орталық Қазақстан аймақтарында жүргізілетін зерттеудің ауқымдылығы. Географиялық ауқымдақтан бөлек, бұл ғылыми зерттеудің нысаны әр түрлі елді мекеннің: ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық оқу орны өкілдеріне назар аударылады. Аймақтар жергілікті деңгейде кездестіретін қиыншылақтарды анықтап, «төменнен жоғарға» жүйесі көрінісін сондай-ақ жүйеге енгізіліп жатқан өзгерістерінің ықпалын анықтауға көмектеседі, сөйтіп білім беру саясатын қалыптасуының бағыттарын одан арғы жұмыстарын анықтауға мүмкіндік береді деп болжауланады.
Жоба қатысушылары
 
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі: Кайрат Куракбаев, PhD, Линн Парментер, Кэрол Фоше, Дениз Ижиа, Дуйшон Шаматов, PhD, Дэниэль Торрано, PhD Лейла Йылдыз, Асель Камбатырова, Айдар Хорошаш.
Кембридж университеті Білім беру факультеті: Дэвид Бриджес, PhD, Лиз Винтер, PhD, Рос Маклеллан, PhD, Наталья Якавец, PhD, Олена Фимьяр, PhD, Дэвид Фрост, PhD; Майкл Фордхэм,  Майк Янгер.
Назарбаев Зияткерлік мектептері: Назипа Аюбаева, Макпал Джадрина, Айгуль Казжанова, Назира Тулеуова, Мадина Тыныбаева, Айгуль Есенгалиева.