Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Елдос Болатханұлы Нұрланов

Профиль

Елдос Болатханұлы Нұрланов
Позиция:
Кіші ғылыми қызметкер
Жұмыс телефоны:
+7(7172)70-60-20
Specializations:
Any
артқа

Білімі

Экономика магистрі ("Ednet Academy" USAID жобасы бойынша 2-жылдық оқу нәтижесін мойындау, Алматы, 2004)

Omniversity, Inc., Мобил қ., Алабама штаты, АҚШ, 2007

 

«Құқықтану» мамандығы, «Халықаралық заңгер» біліктілігі

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, Алматы, 2002

 

Ғылыми маманданған тақырыптық салалалары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім стратегиялары және реформалары,

Педагогикалық білім және педагогтердің кәсіби дамуы,

Орта білім технологиялары

 

Кәсіби өмірбаяны

Елдос Болатханұлы қазіргі кезде Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебінің Зерттеу департаментінің кіші ғылыми қызметкері болып табылады. Жоғары білім мектебіне қосылмастан бұрын Астана қ. әкімдігінің Гуманитарлық колледж директоры болған. Ол сенімді басқаруға өту жағдайында болған бұл колледжде басшылыққа жас білікті кадрларды тарту, мұғалімдердің кәсіби дамуында HR принциптерін енгізу, 2018/19 оқу жылына талапкерлерді тарту мен мемлекеттік білім тапсырысын игеру жұмыстарымен айналысты. Одан бұрын ҚР БҒМ жанындағы Ақпараттық-талдау орталығында басшылық қызметтерде болды. Онда мектепке дейінгі, орта және ересектер біліміне қатысты бірнеше ұлттық және халықаралық зерттеулерді үйлестірді (2015-2018 жж.). Олардың ішінде ЭЫДҰ-ның мектепке дейінгі салаға жасаған шолулары, TALIS, Білім-2030, PIAAC жобалары, сонымен қатар IEA-дің PIRLS, TIMSS сынды жобалары бар.

Ыбырай Алтынсарин атынд. Ұлттық білім академиясының Ғылыми зерттеу орталығында қызмет етіп, жаңарған бастауыш мектеп стандарттары мен бағдарламаларын бейімдеу әрі түсіндіру жұмыстарына араласты (2013-2015). Біртұтас педагогикалық процестің тиімділігін технологиялық тұрғыдан арттыру тетіктері жөніндегі тұжырымдаманың бірлескен авторы. Осы тұжырымдаманың Елорда мектептерінің бірінде сынақтан өткізілуі кезінде ғылыми кеңесші рөлін атқарды (2011-2013). Биология және экология оқулықтары мен әдістемелік құралдарын аудару, бейімдеп қолдану жөніндегі Қазақстан-Ресей жобасында редактор және бірлескен автор болып істеді (2003-2011). Екі колледжде сабақ беру, білім және БАҚ саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда құқықтық қамтамасыз етуде тәжірибесі бар.

 

Зерттеу басымдықтары мен ағымдағы жобалары

Елдос Болатханұлы зерттеуде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім стратегиялары және реформалары, педагогикалық білім және педагогтердің кәсіби дамуы, және орта білім технологияларына ерекше мән берді. Ол Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жай-күйі және дамуы туралы ұлттық баяндамаларды (2015, 2018, 2019), 2020-2025 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын әзірлеуге белсенді қатысты. Сол үшін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бүгінгі таңда білім зерттеулерінің этикалық талаптарын әзірлеуге және педагогикалық білім сапасын зерттеуге қатысуда.

 

Кәсіби ұйымдар мен қоғамдардағы мүшелігі

Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық қоғамы (KERA), «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы», А. Байтұрсұнұлы Білім академиясының академиялық кеңесі; ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесі; Нұр-Сұлтан қ. әкімдігі Гуманитарлық колледжінің қамқоршылық кеңесі.

 

Таңдаулы жарияланымдары мен есептері

▪ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндама (2017 жылдың қорытындысы бойынша) (қысқа нұсқасы): Е. Нұрланов, М. Аманғазы, Г. Ноғайбаева, А. Ахметжанова, Ғ. Карбаева, М. Даулиев, Е. Коротких, Д. Абдрашева, М. Шәкенова, А. Дүйсенғали, Н. Қасымбекова, - Астана: «АТО» АҚ, 2018. - 172 б.

http://iac.kz/sites/default/files/ulttyk_bayandama_2017_zhyl_kyska_nuskasyoblozhki_sayt_compressed.pdf

▪ «PIRLS-2016: Қазақстан нәтижелері», 2018 жыл: Ұлттық есеп / Е.Б. Нұрланов, А.Д. Байгулова, Б.А. Қартпаев, М. Аманғазы, Е. Сабырұлы, Г.А. Ноғайбаева - Астана: «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, 2018 – 154 бет.

http://iac.kz/sites/default/files/pirls-2016_kaz_final_17072018.pdf

Елдос Нұрланов, Гүлбаршын Ноғайбаева, Ерлікжан Сабырұлы. Ауылдағы мектеп білімінің сапасы: ұлттық және халықаралық бағалау нәтижелерін талдау // Қоғам және дәуір № 4, 2018. 82–92-б.

http://kisi.kz/images/izdanie/KogamDaur_4_2018---.pdf

▪ С.Ә. Ырсалиев, Л.Ш. Қарабасова, Ә.З. Мұхаметжанова, А.Б. Әділ, М.А. Бекова, Е.Б. Нұрланов. Үш тілде білім беруді ұйымдастыру: халықаралық тәжірибе және Қазақстанға арналған ұсыныстар / Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде - «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, Астана, 2017. - 184 б.

http://iac.kz/sites/default/files/broshyura_po_obuch_na_3_yaz_kaz-rus-eng_-_a5_-_250417.pdf

Нурланов Е.Б. Организация полиязычного обучения в системе образования: международный опыт и рекомендации для Казахстана //  сайт АО «Информационно-аналитический центр». 2017. http://iac.kz/ru/publishing/organizaciya-poliyazychnogo-obucheniya-v-sisteme-obrazovaniya-mezhdunarodnyy-opyt-i (қаралған күні: 20.01.2020 ж.)

▪ Сұлтанғазиева Ш., Нұрланов Е., (2015) Болар бала - жөргегінен // Ана тілі, 4 қараша.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=33686

Нурланов Е.Б. Лидерство как неотъемлемый компонент инновационной деятельности педагогов и менеджеров образования (опыт Великобритании) // «Білім берудегі инновация: ізденіс және шешім» халықаралық ғыл.-практ. конф. мат. (Астана, 2014 ж. 5 желтоқсан) – Астана. – II том. 277–280-б.