Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Аслан Саринжипов

Профиль

Аслан Саринжипов
Позиция:
Қауымдастырылған профессор
Specializations:
Higher education
артқа

Аслан Саринжипов - Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру қауымдастырылған профессоры. Аслан Саринжипов- жоғары білім менеджменті саласындағы халықаралық экономист, экономика ғылымдарының докторы, ғылым докторы (Ed.D), Пенсильвания Университеті (АҚШ).
Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома университетін (АҚШ), Вена дипломатиялық академиясын (Австрия) бітірді. Гарвард университетінің Джон Ф. Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару факультетінде тағылымдамадан өткен.
1996 жылы өзінің мансабын Орталық Азия бойынша Мемлекетаралық Кеңесі Атқарушы Комитетінің әкімшілік сұрақтар бойынша көмекшісі болып бастады.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қызмкетке кірді. 1998-2002 жж. Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінде (Вашингтон штаты) экономикалық мәселелер бойынша дипломатиялық атташе қызметін атқарды.
2002-2007 жылдары Дүниежүзілік банктің инфрақұрылым, қаржы нарығы және білім беру саласындағы Орталық Азия бойынша жобасының үйлестірушісі, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты.
2007-2009 жж. –«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы» ААҚ төрағасының орынбасары, экономикалық даму, қаржы және білім беру мәселелеріне жауап берді.
2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін - «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Атқару кеңесінің төрағасы. Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры.
«Назарбаев Университеті» ААҚ-ның оның құрылған мерзімінен бастап Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2012 ж.)
2013 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

Пәндер
EDUC 624 Жоғары білім беруді реформалау
EDUC 712 Білім беру саясаты және реформасы