Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Асия Карпишева

Профиль

Асия Карпишева
Позиция:
Менеджер
Specializations:
Higher education
артқа

Білімі

Экономика және бизнес Mагистрі

Тұран Университеті, 2015 ж.

Еуразия гуманитарлық институты, 2012 ж.

Еңбек қызметі

Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінде жұмыс істегенге дейін Асия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығының бас сарапшысы болды. Орталықта жұмыс істеген кезінде, ол Қазақстандағы студенттердің ұтқырлығын (академиялық )үйлестірумен айналысты.

Асия сонымен қатар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қатысуымен Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационализациялауды дамыту мәселелері бойынша академиялық қауымдастықтың іс-шараларын жүргізуге қатысты.

Қосымша білім беру Департаментінде ол біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеуге және үйлестіруге жауап береді, серіктестермен, сарапшылармен, оқытушылармен, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларымен және қатысушыларымен хат алмасуды жүзеге асырады. Асия Департаментте жүзеге асырылатын жобаларға логистикалық, әкімшілік және үйлестіруші қолдау көрсетумен айналысады және курстарға қатысты барлық мәселелер бойынша кеңестер береді.

Біліктілікті арттыру бағдарламалары:

Менеджмент және педагогикалық қызмет саласындағы үздік халықаралық стандарттар негізіндегі педагогикалық мамандандыру бойынша отандық және шетелдік мамандардың курстары (2017 ж.);

Tempus және Erasmus+ жобаларына қатысушы және үйлестіруші:

Су айналымын басқарудың интеграциясы: потенциалын арттыру және білім беруге әсері;

Инженерлік білім беру саласындағы инновациялық құзыреттілік және кәсіпкерлік дағдылар.