Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Алима Ибрашева

Профиль

Алима Ибрашева
Позиция:
Аға ғылыми қызметкер
Жұмыс телефоны:
+7 (7172) 70 63 96
Specializations:
Higher education
артқа

Білімі

Филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, 2001

Аспирантура, Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан, 1999

Орыс тілі мен әдебиеті маманы, Жамбыл педагогикалық институты, Қазақстан, 1991 жылы

 

Сараптама саласы

Жоғары білім берудегі басқару және көшбасшылық

Жоғары және техникалық және кәсіптік білім берудегі реформалар

Жоғары білім беруге қолжетімділік

Білім беру сапасы

 

Кәсіби өмірбаян

  Доктор Алима Ибрашева Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің Ғылым департаментінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебіндегі жұмысына дейін Алима Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық талдау орталығында 5 жыл қызмет атқарған. Жұмыс барысында ол ҚР БҒМ тапсырысы бойынша білім беру саясатына қатысты 13 жобаға қатысумен қатар оларды үйлестірді. Жобалар жоғары, техникалық және кәсіптік білім беруге қатысты болды. Алиманың жоғары білім беру саласында бай тәжірибесі бар. Ол Тараз мемлекеттік университеті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, ғылыми бағдарламалар орталығы мен департамент директоры ретінде қызмет атқарған. Таразда жоғары оқу орындарында жұмыс істегенде Алима оқытушы қызметімен қатар әкімшілік лауазымдарда болды. Ол оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен айналысқан. Алима Ибрашева, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасына, аккредиттеу процесіне, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында көптілді білім беруді енгізуге жетекшілік етті. Алима Лондон, Вашингтон қалаларында өткен білім беру саласындағы мониторинг және бағалау, дәлелдемелер негізінде саясатты қалыптастыру бойынша семинарларға, Еуропалық Одақтың Орталық Азия білім беру платформасының бағдарламасына қатысып, білім алған. Ол 2011 жылы Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебімен қатар ұлттық және халықаралық ұйымдардың бірқатар жобаларында сарапшы ретінде жұмыс істеді (Әлемдік тәжірибе контекстінде Қазақстанның жалпы білім беретін орта мектептері мен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын үйлестіру); 2016 жылы 2015-2020 ж.ж. жылдарға арналған ҚР білім беру жүйесін реформалаудың стратегиялық бағыттарын дамыту; 2017 жылы Дүниежүзілік банктың («Жұмыс дағдыларын дамыту және жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру», «Ұлттық біліктілік жүйесі үшін негіз қалыптастыру» жобаларына қатысты.

 

Ғылыми қызығушылықтары және ағымдағы жобалар

Доктор Ибрашеваның зерттеу қызығушылықтары жоғары білім берудегі менеджмент және басқару, жоғары білім беру мен көшбасшылықты қаржылық басқару саласындағы саясат, жоғарғы және техникалық және кәсіптік білім берудегі реформалар және жоғары білім беру сапасы мәселелерін қамтиды. Соңғы жобаларда ол жоғары оқу орындарының автономиясы аспектілерін, жоғары білім берудегі корпоративтік басқаруды қарастырды, Турин процесі бойынша есепте Қазақстан атынан қатысты. Алима 2017 жылы «Қазақстандағы жоғары білім беру» туралы ЭЫДҰ шолуын әзірлеуге қатысты.

 

Таңдаулы жарияланымдар мен есептер