Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Айгуль Ақтымбаева

Профиль

Айгуль Ақтымбаева
Позиция:
Аға менеджер
Specializations:
Higher education
артқа

Еңбек қызметі

Айгуль Ақтымбаева НУ ЖББМ 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

НУ Жоғарғы білім беру мектебінде жұмыс істеген кезінде Айгуль Ақтымбаева үштілділік аясында жоғарғы және орта буын басшыларының, қадағалау кеңесі мүшелерінің, Қазақстан Республикасы медициналық жоғары оқу орындарының басшыларының, орталық атқарушы органдардың қызметкерлері мен орта мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша жобаларды басқарған.

Айгүл Ақтымбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген және математика PhD ғылыми дәрежесін алған. Өзіні еңбек жолын Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің бөлім маманынан бастап, Оқытудағы инновация бөлімінің бастығы, Офис тіркеушісі жетекшісі, Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры, БАҰО филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын Республикалық институты директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Профессор Роберт Земски мен Сәуле Абельдиновамен бірлесіп, «Жоғары білім берудің реформасы және дамуы: Қазақстан мысалында» кітабының «Деректер, дербестік және реформалар» тарауының біріккен авторы.

Біліктілікті арттыру бағдарламалары:

Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің біліктілікті арттыру бағдарламасы (2017 жыл)

Айгүл Ақтымбаева 2017 жылы Назарбаев Университетінде «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған.