Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Оқиғалар

артқа

ЗЕРТТЕУ СЕМИНАРЛАРЫНЫҢ ТОПТАМАСЫ / Қараша

ЗЕРТТЕУ СЕМИНАРЛАРЫНЫҢ ТОПТАМАСЫ / Қараша

8 қараша, 14:00, C3 блогы, 3034-дәрісхана

Презентация: «Инклюзивті білім беруді қайта құрылымдау: тең құқықтарды қамтамасыз етуді ескерумен инклюзивті педагогиканың және педагогиканың дуализмі».

Тседисо Майкл Макоэлле – Ұлыбританияда Нельсон Манделаның беделді стипендиясын алғандардың бірі, ол инклюзивті білім беру саласындағы PhD дәрежесін Ұлыбританияның Манчестер университетінде және білім беруді басқару саласындағы білім докторы (D Ed) дәрежесін Оңтүстік Африка Университетінде алды. Ол білім беру саласындағы 24 жылдан астам тәжірибесін Оңтүстік Африкада Йоханнесбург Университеті білім факультетінің педагогикалық психология кафедрасында аға оқытушы, Кейптаун, Кап түбегі Технологиялық университетінің білім беру саласындағы дәрісшісі, орта мектеп директоры, кафедра меңгерушісі және Оңтүстік Африка тегін мемлекеттік білім беру департаментінің бірнеше мектебінде оқытушы ретінде алды. Оның инклюзивті білім беру және мектепті басқару бойынша ұлттық және халықаралық оқырмандар қауымына арналған көптеген жазылған және жарияланған жұмыстары бар. Ол әлі де магистранттар мен докторанттардың жетекшісі, бірнеше зерттеу ұйымдарының мүшесі болып табылады. Ол Оңтүстік Африка ұлттық зерттеу қоры (NRF) үшін гранттарға өтініштердің рецензенті болып табылады, бірнеше халықаралық жұмысқа рецензия берді.