Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Оқиғалар

артқа

ЗЕРТТЕУ СЕМИНАРЛАРЫНЫҢ ТОПТАМАСЫ / Мамыр

ЗЕРТТЕУ СЕМИНАРЛАРЫНЫҢ ТОПТАМАСЫ / Мамыр

8 мамыр, 14:00, C3 блогы, 3034-дәрісхана

ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУ РЕФОРМАЛАРЫ: ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ

Данагүл Ембергенова, ЖБМ-не шақырылған сарапшы, Швейцария Женева университетінің PhD бағдарламасының студенті болып табылады. Ол бакалавр дәрежесін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде және магистр дәрежесін Ұлыбританияның Кардифф Білім мектебінде алды. Бірнеше грант пен стипендияның, соның ішінде Эразмус Мундус стипендиясының, үнді үкіметі ICCR стипендиясының, Ахмет Ясауи атындағы Университеті стипендиясының және Эрнст және Люси Шмидейни Қоры зерттеу грантының лауреаты болып табылады. Данагүлдің ғылыми қызығушылықтары жоғары білім беру саласындағы саясатты әзірлеуді, университеттерде өзгерістерді және олардың инновациялық және ғылыми әлеуетін ұйымдастыруды қамтиды.

Бұл зерттеу шеңберінде Қазақстанда білім беруді басқару реформалары мен университеттік зерттеу әлеуетін дамытудың арасындағы өзара байланыс зерттеледі. Біз үш өзекті мәселені анықтадық, олар үш зерттеу мәселесінің негізін құрады, олар: (i) соңғы екі онжылдықта жоғары білім беру жүйесінің қандай негізгі реформалары іске асырылды? (ii) Қазақстанда ЖОО-лар басқару реформаларына қалай жауап береді және университеттерді басқару құрылымына оларды қалай енгізеді? (iii) жоғары білім беруді басқару реформалары ЖОО-ларда зерттеу қызметін дамытуға қалай ықпал етеді? Біздің анағұрлым кең талдамалы зерттеуімізге енгізілген құралдар ретінде зерттеудің бірінші мәселесін шешу үшін саясатты талдау тандалды, зерттеудің екінші және үшінші мәселелерін шешу үшін – үш университеттің мысалында жартылай құрылымдалған сауалнамалар қолданды. Олардың барлығы бізге жоғары білім беруді мемлекеттік басқарудың әртүрлі шарттарын және университеттік зерттеулердің жақсы немесе нашар нәтижелеріне жауап беретін ЖОО-лар реакциясын түсінуге көмектесті.