Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Ғылым

Қазақстандық білім беру саласындағы зерттеушілер қоғамы(www.kera.kz)

Қазақстандық білім беру саласындағы зерттеушілер қоғамының (KERA) негізі 2014 жылы НУ ЖБМ бастамасымен қаланды. Мүшелік негізінде әрекет ететін және білім беру саласындағы зерттеушілерге қолдау көрсететін, сондай-ақ Қазақстанда сапалы зерттеулерді өткізуге жәрдемдесетін ұлттық ұйымды құру идеясын Кембридж университетінен Қазақстандағы білім беру саласында зерттеу жобаларымен белсенді айналысатын профессор Дэвид Бриджес ұсынды. НУ ЖБМ қызметкерлері мен жоғары басшылық бұл ұсынысты құлшыныспен қолдады.

 

KERA миссиясы білім беру саласындағы зерттеулерді ілгерілету және білім беру идеялары мен тәжірибелерінің сапасын арттыру болып табылады. KERA міндеттері:

  •  Қазақстанда білім берудің іргелі мәселелері бойынша зерттеулер өткізуге жәрдемдесу;
  •  Мүшелеріне және әсіресе зерттеушілерге олардың мансабының басында білім беру зерттеулерін әзірлеуде және өткізуде көмек көрсету;
  •  Білім беру зерттеулерін және педагогикасын жетілдіруге бағытталған білім беру саясатын әзірлеуде және іске асыруда жәрдемдесу;
  •  Зерттеулер нәтижелерін тарату және алмасу үшін білім беру саласындаға зерттеушілердің желісін құру.