Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Ғылым


Published: 2018-06-01


Published: 2017-12-18


Published: 2017-06-02


Published: 2016-12-15


Published: 2016-06-20

Журнал туралы

Көрінісі және мәні

Қазақстандағы білім беру реформаларына бағытталып, бұл журнал эмпирикалық зерттеулер, мақалаларға/кітаптарға сыни шолулар, теориялық талдау және саясатты талдау жөніндегі бағалау жұмыстары нысанындағы ағылшын тілді бірегей ғылыми жұмыс болып табылады. Жарияланған мақалалар келесі санаттарды қамтиды:

  •  Интернационалдандыру
  •  Жаһандану
  •  Халықаралық ынтымақтастық
  •  Ұлттық және трансұлттық саясат
  •  Әкімшіліктендіру/басқару
  •  Қаржы
  •  Кәсіптік білім беру ұйымдары
  •  Оқу жоспары
  •  Ұтқырлық
  •  Инклюзивтілік
  •  Азшылықтар мәселелері
  •  Жыныстар мәселелері
  •  Білім берудегі көшбасшылық
  •  Басқа

Қалай автор болуға болады

  •  Біздің авторлар, әдетте, магистранттар, докторанттар немесе бастаушы ғалымдар болып табылады;
  •  Авторлар білім беру мәселелері бойынша олар үшін маңызды талдамалы материалдарды және бірегей қорытындыларды ұсыну керек;
  •  Мүдделі авторлар nugserie.nu.edu.kz сайтында тіркеле алады.

Сарапшы-рецензент қалай болуға болады

  •  Біздің рецензенттеріміздің қатарына магистранттар, түлектер және ғылыми-оқытушылық құрам кіреді.
  •  Рецензенттердің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше салада кәсіптік стандарттар туралы заманауи білімі болу керек;
  •  Рецензенттер НУ ЖБМ редакторларымен және оқытушыларымен семинардан өту керек.
  •  Мүдделі рецензенттер өздерінің зерттеушілік қызығушылықтарын міндетті көрсетумен nugserie.nu.edu.kz сайтында тіркеле алады.

Өтініш беру жөніндегі нұсқаулық

  •  Бірінші рет берудің шекті мерзімі: қысқы шығарылым үшін 15 қыркүйек, жазғы шығарылым үшін 30 қаңтар
  •  Бірегей зерттеу мақалалары 2000-6000 сөзді қамту керек. Нормада, директивалық мақалалар және мақалаларға/кітаптарға шолулар анағұрлым аз сөзді қамтиды, ал эмпирикалық зерттеулер анағұрлым көп сөзді қамтиды;
  •  Мақалалар журналдың жоғарыда аталған мақсатына және мәніне сәйкес келуі тиіс
  •  Барлық өтініштер аннотацияны (75 – 150 сөз), кілтті сөздерді және сілтемелерді қамту керек;
  •  Жазбаның екілік аралығы болу керек және дәйексөздерді, тақырыптарды және кестелерді рәсімдеу үшін АРА стилінің ережелеріне сәйкес келу керек.