Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Ғылым

Ғылым департаменті

Ғылым департаменті Жоғары білім беру мектебінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент құрылуының негізгі идеясы –білім беру саясаты саласында халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуге Мектептің «ой-талқы орталығын» дамыту.

Департамент миссиясы және стратегиясы:

Департамент миссиясы білім саласында ұлттық және халықаралық ғылымның, саясаттың және тәжірибенің дамуына үлес қосатын зерттеу жүргізу болып табылады. 

Осы миссияға сәйкес келесідей мақсаттар қойылған:

  • Қазақстанда білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгеріс контекстін түсіну және осыған байланысты білімді ұлғайту;
  • Қазақстанда білім беру теориясының, мемлекеттік саясаттың және тәжірибенің дамуына ықпал ететін зерттеу жобаларын дайындап жүзеге асыру;
  • Зерттеу салаларына сәйкес келетін халықаралық зерттеу бірлестіктеріне кіру;
  • Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері арқылы алынған теориялық және эмпирикалық мәліметтерді ғаламдық академиялық дискурстарға сәйкес келетін салаларда қолдану;
  • Басқа да ғылыми ұсыныстарды дайындау және жүзеге асыру бойынша бастамашы зерттеулер жүргізу;
  • Мектеппен бірлесіп зерттеу жүргізіп келетін бөгде ұйымдарға әдістемелік және кеңесшілік көмегін көрсету.

Департамент серіктестіктері:

Барлық ғылыми зерттеулер отандық сарапшылармен, сонымен қатар әлемнің алдынғы қатарлы университеттерінің шетелдік кеңесшілерімен бірлесіп жүргізіледі. Мектептің стратегиялық серіктестері –Кембридж Университеті мен Пенсильвания Университеттерінен басқа, зерттеулерге Торонто университетінің, Колумбия университетінің, Дел Сакро Куэре университетінің сарапшылары тартылды. Халықаралық серіктестік зерттеулердің өзекті бағыттарын анықтауда, сұрақтарды талқылауда және де қойылған міндеттерді орындау бойынша тәжірибеге бағдарланған ұсыныстарды әзірлеуге зерттеу топтарының бірлесіп жұмыс жасауын болжайды.