Ғылым
Ғылыми-зерттеу институты


Зерттеу институты Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебінің (НУ ЖБМ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Институт білім беру саясаты саласында халықаралық зерттеу жобаларымен айналысатын НУ ЖБМ құрамындағы ғылыми-зерттеу орталығы болып саналады.
Миссиясы және стратегиясы
Зерттеу институтының миссиясы – бұл білім беру саласындағы жоғары сапалы зерттеулер, олар нәтижелер береді және ұлттық және халықаралық ғылым білім беруге, білім беру саясатына және тәжірибесіне үлес қосады.
Миссияға сәйкес келесі міндеттер әзірленді:
- Білім беру мәселелері бойынша қоғамда талқылауды белсендіру мақсатында білімді және білім беру реформаларының ахуалын және Қазақстандағы ағымдық жағдайды түсінуді тереңдету;
- Қазақстандағы білім теориясын, институционалдық тәжірибені және мемлекеттік саясатты жетілдіруге жәрдемдесетін зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру;
- Білім беру саласындағы зерттеулерде жоғары сапа стандарттарын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстандағы зерттеулердің этикалық тұтастық бойынша озық тәжірибеден мысалдар құру;
- Зерттеулердің тиісті салаларында халықаралық зерттеу қоғамдастықтарына қатысу;
- НУ ЖБМ-мен бірлескен зерттеулерді өткізетін үшінші тұлғаларға кәсіби қолдау және консультациялық көмек көрсету.
Біздің серіктестер
Біздің зерттеу бастамаларымыз жергілікті және халықаралық зерттеушілермен бірге іске асырылады. Екі стратегиялық серіктес ұйымнан – Кембридж университетінің педагогика факультеті мен Пенсильвания университетінің Жоғары білім мектебінен басқа – біздің халықаралық зерттеу бастамаларымызды Торонто Университетінен, Колумбия университетінен және Әулие жүрек Католиктік университеттен әріптестеріміз де қолдайды. Халықаралық ынтымақтастық халықаралық және жаһандық перспективалар тұрғысынан білім берудің іргелі мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді.