Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Біліктілікті арттыру

СЕРІКТЕСТЕР

Британдық кеңес – бұл Ұлыбританияның басқа елдермен қарым-қатынаста білім, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты дамытатын ұйым. Британдық кеңестің негізі 1934 жылы Корольдік марапаттау қағазымен Ұлыбританияның мемлекеттік қайырымдылық ұйымы ретінде қаланды. Британдық кеңес Алматы және Астана қалаларында 1994 жылдан бері жұмыс істейді.

Дьюк Университеті Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебі басты серіктестерінің бірі болып табылады.

2016 жылы Дьюк Университетімен ынтымақтастықта «Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін кәсіби дамыту» жобасы іске асырылды. Бұл жоба шеңберінде білім беру ұйымдарының басшылары Дьюк Университетінде оқудан өтті.

Дьюк Университеті – жекеменшік зерттеу университеті, ол АҚШ Солтүстік Каролина штатының Дарем қаласында орналасқан. 2016-2017 жж. Университет Times Higher Education үздік әлем университеттерінің рейтингіне (? жылы) сәйкес әлемнің үздік университеттерінің арасында бірінші орынға ие болды.

Пенсильвания Университеті – Шырмауық Лигасының жекеменшік зерттеу университеті, ол Филадельфияда Юниверсити Ситидің аумағында орналасқан. Пенсильвания Университетінің Қамқоршылық кеңесі ретінде құрылған Пенн Америкалық университеттер қауымдастығының негізін қалаушы 14 мүшесінің бірі және негізі тәуелсіздік үшін соғысқа дейін қаланған тоғыз колониялық колледждің бірі болып табылады.

АҚШ-тың қоғамдық зерттеу университеті Калифорния штатында Беркли қаласында орналасқан. Калифорния университеті он кампусының ең ескісі.

Ол әлемдегі үздік қоғамдық университет және әлемнің үздік оқу орындарының ондығына кіретін жалғыз қоғамдық университет болып саналады.

2016 жылы ол әлемнің үздік университеттерінің үлгерім рейтингінде үшінші орынға ие болды, бұл кезекте, сол рейтингтерге сәйкес жаратылыстану ғылымдары бойынша әлемде бірінші орынға ие болды.

2013 жылы Times Higher Education рейтингінде Беркли қаласындағы Калифорния университеті әлемнің үздік университеттерінің арасында бесінші орынға ие болды.

Халықаралық басқару және технология академиясы (INTAMT e.V. Дюссельдорф қ., Германия)

INTAMT академиясы «Кәсіпкерлік университет» және «Зерттеу университеті» бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы 11 университетінің жоғары және орта буын басшыларының үш тағылымдамасын өткізді. Тағылымдамалар «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» екінші кезеңі шеңберінде өткізілді.