Біліктілікті арттыру
- Басты
- Біліктілікті арттыру
- Бағдарламалар
- ЖОО-дағы көшбасшылық
ЖОО-дағы көшбасшылық
ЖБ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Жобаның мақсаты – жоғары және орта буын басшыларын университеттердің оқу-әкімшілік дербестігін кезең-кезеңімен кеңейтуде университетті басқарудың жаңа моделіне өтуге даярлау.
Жобаның міндеттері:
-
* Жоғары білім берудің жаңа даму стратегияларын талдау және іздеу, білім берудегі түрлендірулерді жүйелі түсінігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыс;
* Дербестік пен жауапкершіліктің теңгерімін ескерумен университеттерге арналған стратегиялық жоспарларды әзірлеу және түсіну, университеттердің дербестігіне қол жеткізу үшін өтпелі кезеңде нақты қадамдарды жүйелі түсіну;
* Ғылыми және білім беру топтарының мемлекеттік емес қаржыландыруды тарту бойынша анағұрлым белсенді жұмыс жасау қажеттілігі туралы түсінігін қалыптастыру;
* Жоғары білім беру секторында басшылар үшін талқылауларға арналған платформаны құру, серіктестіктерді құру;
* Назарбаев Университетімен стратегиялық серіктестіктің жаңа моделін құру.
Оқу тақырыптары келесі салаларда анықталды:
-
* Жоғары білім беру саласында басқарудағы жаһандық үрдістер;
* Стратегиялық жоспарлау және дербестікті қолдау үшін қажетті реформалар;
* Қаржы мен ресурстарды басқару стратегиясы;
* Корпоративтік басқару және шешімдерді ұжымдық қабылдау;
* Университеттердің корпоративтік мәдениеті;
* Тәуекелдерді басқару және ұйымдық құрылымдардың рөлі;
* Білім берудегі көшбасшының сипаттамасы: өзгерістерді басқару үшін қажетті құзыреттер;
* Инновацияларды қолдаудағы көшбасшылық;
* Ғылым мен білімді қаржыландыру модельдері: өнеркәсіппен және өндіріспен интеграция;
* Білімді тарату және зерттеу қызметін коммерцияландыру;
* Мүдделі тараптардың қатысуы және олардың рөлі;
* Персоналды басқару;
* Дербестік жағдайында білімнің сапасын қамтамасыз ету;
* Университетті интернационалдандыру.

