Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Біліктілікті арттыру

МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТТЕРІ


 

Курстың мақсаты – медицина және фармацевтика университеттері жоғары және орта буын басшыларының стратегиялық жоспарлау және университетті корпоративтік басқару саласындағы білімі, қабілеттері мен дағдыларының деңгейін арттыру, сондай-ақ жаңа басқару моделіне өту кезінде ғылыми-педагогикалық персоналдың оқу процесіндегі білімі, қабілеттері мен дағдыларының деңгейін арттыру.

Курстың міндеттері:

* көшбасшылық және инновациялар туралы түсінікті жетілдіру;

* институционалдық түрлендіру күрделі процесін басқару дағдыларын дамыту;

* жоғары оқу орындарына енгізу үшін іс-әрекеттер жоспарларын және тиісті министрліктер үшін ұсыныстар әзірлеу.

Бағдарлама келесі мақсаттарды қарастырады:

* Өзектілігі: қазіргі уақытта қазақстандық университеттерде қолда бар көшбасшылық және басқару мәселелерін талдауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарына кеңейтілген дербестікті беру жоспарларына және олардың қоғам алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылады.

* Нысаналылығы: бағдарлама қазақстандық университеттердің мәселелері жағдайында озық жергілікті және халықаралық тәжірибемен танысуға бағытталған, бұл жоба қатысушыларына өздерінің іс-әрекеттер жоспарларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

* Өзара байыту: тәжірибемен және озық практикамен жан-жақты алмасу жүйелі талқылаулар және қорытындылар жасау арқылы қамтамасыз етіледі, қатысушылар оқуды аяқтағаннан кейін өз университеттерінде пайдалана алатын идеялар әзірлеу үшін топтарда жұмыс істейді. Сондай-ақ қатысушылар ортақ мәселелер мен міндеттерді шешу бойынша кеңестермен және ұсыныстармен алмасады.

* Салыстырмалылығы: бағдарламалар жетекшілері қарастырылатын сұрақтар мен мәселелер бойынша шетелдік және қазақстандық университеттердің тәжірибесін белсенді тақылауға және салыстыруға жәрдемдеседі.

* Әділдігі және ашықтығы: талқылау стилі университеттер тап болатын мәселелерді талқылау кезінде ашықтық қағидатына, сондай-ақ көздеген өзгерістерге қол жеткізу үшін тәжірибе, бағалармен және ұсыныстармен алмасу ниетіне негізделеді.

* Мәселеге бағдарлылығы: бағдарлама ұлттық және халықаралық тәсілдерге сәйкестігін және жеткіліктілігін сараптамалық және талдамалы бағалауды өткізуге қатысты қазақстандық университеттердің алдында тұрған міндеттерге бағдарланған.