Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Ерлан Шуланов

Профиль

Ерлан Шуланов
Позиция:
Атқарушы директор
Жұмыс телефоны:
+7(7172)706435
Specializations:
Any
артқа

Кәсіби жолы:

Салада 9 жыл жұмыс істеп, Ерлан Шулановтың білім және адами капиталды дамыту саласында үлкен кәсіби тәжірибесі бар. Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебіне келгенге дейін Ерлан Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығында вице-президент лауазымында бес жыл жұмыс істеді.

Ерлан Қазақстанның білім және академиялық жүйесі саласындағы 30 астам талдамалы зерттеу жобасының іске асырылуын басқаруға жауапты болды. Бұл кәсіби тәжірибе Ерланды Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту және реформалау, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен білім беру үрдістері саласында терең пәндік біліммен жабдықтады. Ерланның кәсіби қызығушылықтары саясатты әзірлеуді, жедел қызметті басқаруды, бюджеттеуді, жобаларды басқаруды және стратегиялық жоспарлауды қамтиды.

 

Ағылдық және жақындағы жобалары

ЭЫДҰ саяси жобалары:

  •  Елдік анықтамалық есеп: ЕСЕС-тен бастауыш білім беруге өту жөніндегі ЭЫДҰ саясатына тақырыптық шолу: Қазақстан
  •  ЭЫДҰ мектеп ресурстарына шолуы: Қазақстан 2015 ж.
  •  Білім беру саласындағы ұлттық саясатқа шолу: Қазақстандағы орта білім
  •  Қазақстанда мектептегі білімнен тыс дағдыларға шолу
  •  Білім беру саласындағы ұлттық саясатқа шолу: Қазақстандағы жоғары білім 2007
  •  Ерте мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясатқа шолу: Қазақстан
  •  Ерте мектепке дейінгі білім беру саласындағы кадрларды іріктеу және ұстап қалу: Қазақстанға шолу

 

Дүниежүзілік Банктің жобалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім саласындағы жобалар:

  •  Серіктерстерге арналған қашықтықтан оқыту курстары
  •  Үй тапсырмасының ұйымдастырылуын және орындалуын талдау
  •  Қазақстанда математикалық білімнің мәртебесі мен даму перспективалары
  •  ЕБҚ Турин процесі шеңберіндегі зерттеуі
  •  Білім беру реформаларын бағалау және талдау
  •  Мектепке дейінгі ұйымдар түлектерінің мектепке түсуге дайындық сапасын бағалау
  •  Ата-аналардың оқушылар функционалдық сауаттылығының қалыптасуына ықпалын бағалау
  •  Университеттік дербестікті талдау және мониторинг жасау. Кіріспе
  •  Балалардың ерте дамуының тұжырымдамалық негіздерін қалыптастыру
  •  Білім берудегі минималды әлеуметтік стандарттар және кепілдіктер
  •  Қазақстанның жоғары оқу орындарында стратегиялық басқаруды жетілдіру
  •  Жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тетіктерді әзірлеу
  •  2030 жылға дейін Білім берудегі әлеуметтік даму тұжырымдамасын әзірлеу