Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Бағдарламалар

 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Білім берудегі көшбасшылық және көптілді білім беру саласындағы магистратура бағдарламасына түсетін үміткерлер  www.admissions.nu.edu.kz  сайтында электронды түрде келесі құжаттарды ұсынуы тиіс

1. www.admissions.nu.edu.kz сайтында онлайн режимде толтырылған өтініш нысаны;

2. жеке куәліктің немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3. түйіндеме; 4. күндізгі оқу нысанының барлық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім құжаттары дипломдары мен үзінділерінің (немесе олардың эквиваленттерінің) нотариалды куәландырылған көшірмелері. Диплом болмаған жағдайда, соңғы оқу курсында үміткерлер өз университеттерінен ресми үзінді көшірмесін тапсыра алады және диплом берілгеннен кейін оның нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну керек (CGPA минималды балы – 2,75);

5. құжаттарды онлайн тапсыру кезінде жарамды болатын ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификат (IELTS немесе TOEFL). Минималды талап – IELTS үшін 6,5 балл немесе TOEFL үшін эквивалентті балл (бөлімдер бойынша балдар – кем дегенде 6,0).

Әрбір бөлімде 5,5 балдан төмен емес, 6,0 немесе одан жоғары балды құрайтын IELTS жалпы балымен немесе TOEFL үшін эквивалентті балдар санымен үміткерлерге ағылшын тілінен 4 апталық қарқынды курстан өтуге кеңес беріледі. Курсты сәтті аяқтағаннан кейін үміткер бағдарламаға қатысуға жіберіледі.

5,0 балымен бір бөлімнен артық емес 5,5 балды құрайтын IELTS жарамды жалпы балымен немесе ETS сайтында жарияланған TOEFL эквивалентті балымен үміткерлерге НУ нөлдік курстың бір жылдық бағдарламасынан өтуге кеңес беріледі (магистратураға дайындық бағдарламасы)

4 апталық курс бойында үміткерлерге жатақхана және стипендия берілмейді. Ағылшын тілі қарым-қатынас жасау және оқу ресми тілі болып табылатын елде ғылыми дәрежені алған үміткерлер IELTS немесе TOEFL тесттерінің нәтижелерін ұсыну қажіттілігінен босатылады. Ресми оқу тілі ағылшын тілімен (кез келген елде) бағдарлама бойынша бакалавр дәрежесін алған үміткерлер де IELTS немесе TOEFL тесттерінің нәтижелерін ұсыну қажіттілігінен босатылуы мүмкін.

6. үміткерлер GRE сертификаты болған жағдайда, өтініш беру кезеңінде жарамды болған оның көшірмесін де тапсыра алады, оны Қабылдау комиссиясы қабылдау туралы шешім қабылдаған кезде қарастырады (міндетті емес);

7. НУ ЖБМ «Білім берудегі көшбасшылық саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасына оқуға түсуге ниет білдірген өтініш берушінің себептері сипатталатын жеке өтініші, ұзақ мерзімді мансаптық мақсаттары және бағдарлама оған осы мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі;

8. үміткердің кәсіби ортадағы қабілеттері туралы ақпаратты бере алатын, үміткердің жетістіктерімен және болашақ жоспарларымен таныс болған тұлғалардан екі ұсыныс хат.

 


Қабылдау комиссиясы қосымша сұхбатқа шақыру құқығына ие. Ол Университетте немесе Skype бойынша өткізілуі мүмкін.

Барлық құжаттар құжаттар тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін ағылшын тілінде немесе нотариалды куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен ұсынылады.