Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Бағдарламалар

 

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура: орта білім беру

Бұл бағдарлама лауазымды тұлғаларға, мұғалімдерге және бағалау, мектептерде немесе тиісті мекемелерде жұмыс істейтін, оқу бағдарламалары және педагогика жөніндегі мамандарға

Студенттер білім берудегі көшбасшылық және Қазақстандағы білім жағдайы мен реформалау бойынша негізгі пәндердің арқасында берік теориялық және тәжірибелік негізге ие болады. Студенттер сондай-ақ «Кәсіби өзін-өзі анықтау», «Салыстрмалы және халықаралық білім», сондай-ақ «Білім беру саясатын талдау және әзірлеу» сияқты элективті пәндерді оқиды.

Магистратураның барлық үш бағдарламасында сияқты білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура: «Орта білім беру» бағдарламасының студенттері сандық және сапалық зерттеулер өткізу дағдыларын дамытады, бұл оларға өз мекемелерінде және барлық білім беру жүйесінде нақты деректер негізінде шешім қабылдауда өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

«Орта білім беру» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасының түлектері мектептерде, білім министрлігінің мекемелерінде, даму жөніндегі агенттіктерде, ҮЕҰ-да, зерттеу орталықтарында және университеттерде маңызды үлес қосу үшін өз қабілеттерін дамытады.