Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Бағдарламалар

 

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура: инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру – бұл мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары және өмір бойы үздіксіз оқу сияқты барлық білім деңгейлерінде студенттердің саналуандығын мойындайтын және қабылдайтын саясат тәсілі.

Инклюзивті білім беру саласына саналы, стратегиялық және түрлендірмелі көшбасшылар талап етіледі, олар барлық оқушылардың жетістіктеріне және сәттіліктеріне қолдау көрсетеді, сондай-ақ бұндай жетістікке қол жеткізу үшін белсенді жұмыс жасайды. Біз НУ ЖБМ-нде білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура: инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша білім берудегі дәл осындай көшбасшыларды дайындаймыз.

Студенттер білім берудегі көшбасшылық және Қазақстандағы білім жағдайы мен реформалау бойынша негізгі пәндерін «Инклюзивті білім беру теориясы», «Инклюзивті білім беру саясатының перспективалары», «Психология және ерекше білім беру қажеттіліктері» сияқты элективті пәндермен үйлестіріп оқиды. Бұл пәндердің арқасында студенттер инклюзивтілікті теориялық тұрғыдан бағалауға және білім берудегі және қоғамдағы инклюзивтілік үшін кедергілерді анықтау және жою кезінде кәсіби дағдыларды дамытуға үйренеді. Олар инклюзивтіліктің басты модельдерін және перспективаларын жаһандық ауқымда зерттейді, сондай-ақ оларды Қазақстанда қалыптасып жатқан инклюзивті білім беру моделіне қолдануға үйренеді.

Студенттер сондай-ақ сандық және сапалық зерттеу дағдыларын да дамытады, бұл оларға инклюзивті білім берудің өзекті тақырыбы бойынша тәуелсіз зерттеу жобасын іске асыруға мүмкіндік береді.

«Инклюзивті білім беру» бағыты магистратура бағдарламасының түлектері бұдан кейінгі докторантурадағы оқуға және білім министрліктерінде және басқа мемлекеттік мекемелерде, даму жөніндегі агенттіктерде, ҮЕҰ-да, зерттеу орталықтарында және университеттерде жұмыс істеуге дайын болады.