Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Бағдарламалар

 

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура: жоғары білім беру

Бұл бағдарлама университеттерде және олармен байланысты мекемелерде жұмыс істейтін, білімі, қабілеттері мен дағдылары өз мекемелерінде, мамандықтарында және жалпы қоғамда өзгерістерді іске асыруға қажетті болатын жоғары лауазымды тұлғаларға, зерттеушілерге және оқытушыларға арналған.

Білім берудегі көшбасшылық, Қазақстанда білім жағдайы және реформалау саласындағы негізгі пәндермен қатар, студенттер «Жоғары білім беруді ұйымдастыру және басқару», «Жоғары білім берудегі қаржы», сондай-ақ «Жаһандану және жоғары білім беру» сияқты элективті пәндерді де тандай алады.

Бағдарлама студенттердің сандық және сапалық зерттеу тәсілдері бойынша егжей-тегжейлі дайындығын қарастырады, Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі жоғары білім берудегі ағымдық және болашақ реформаларын талдау және бағалау үшін зерттеулерді пайдалану дағдыларына машықтандырады. Бұл зерттеу дағдыларына

сүйеніп, студенттер өз тандауымен жоғары білім беру саласындағы өзекті тақырып бойынша тәуелсіз зерттеу жобасын іске асырады.

«Жоғары білім беру» бағыты бойынша магистратура бағдарламасының түлектерінде мансаптық перспективалардың кең тандауы бар, соның ішінде докторантурада бұдан әрі білім алу, мемлекеттік мекемелерде, даму жөніндегі агенттіктерде, ҮЕҰ-да, зерттеу орталықтарында және университеттерде жұмыс істеу.