Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Бағдарламалар

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы ғылым магистрі

Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі (ВШО НУ) орта білім беру, жоғары білім беружәне инклюзивті білім беру үш мамандық бағытын қамтитын білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура бағдарламасын мақтанышпен ұсынады.

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура бағдарламасы білім беру саласының қызметкерлерін жұмыс орындарында, кәсіби қоғамдастықта және жалпы қоғамда өзгерістерді іске асыру үшін қажетті біліммен, қабілеттермен және дағдылармен қамтамасыз етуге арналған.

Атап айтқанда, студенттер ұлттық және халықаралық білім беру міндеттері туралы тереңдетілген түсінік алады және оқыту саласымен байланысты пікірталастарды жүргізеді, көшбасшылық және өзгерістерді басқару стратегияларымен, сондай-ақ Қазақстанда да, халықаралық деңгейде де маңызды болып табылатын білім беру тақырыптарын әдістемелік зерттеу тәсілдерімен танысады.

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура бағдарламасы университеттерде, мектептерде, педагогикалық институттарда, Білім және ғылым министрлігінде,ҮЕҰ және даму жөніндегі агенттіктері сияқты басқа тиісті мекемелерде жұмыс істейтін тұлғаларға арналған.

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура бағдарламасы: орта білім беру туралы толығырақ

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура бағдарламасы: жоғары білім беру туралы толығырақ

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура бағдарламасы: инклюзивті білім беру туралы толығырақ

Бағдарламаның ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толығырақ

Білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистратура бағдарламасының пәндері туралы толығырақ

НУ ЖБМ магистратура бағдарламаларының талапкерлеріне қойылатын талаптарды қарау