Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Бағдарламалар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ДОКТОРАНТУРА

Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебінің докторантура бағдарламасы қарқынды оқуды, бір семестр бойы серіктес университеттегі (Кембридж немесе Пенсильвания университетіндегі) оқуды және білім беру саласындағы ғалымдарды және тәуелсіз зерттеушілерді дайындау үшін зерттеулер өткізудің ілгерінді әдістемесін тереңдетіп зерттеуді үйлестіреді. Бұл – күндізгі оқу нысанымен төрт жылдық оқу бағдарламасы.

НУ ЖБМ докторантура бағдарламасында докторлық диссертация нысанында зерттеудің басым бөлігін өз бетімен орындау негізгі орынды алады. НУ ЖБМ докторантура бағдарламасының түлектері Қазақстанда білім беру реформалары мен саясатын әзірлеуде негізгі тұлғалар ретінде орын алады.

 

Білім берудегі докторантура бағдарламасының пәндері туралы толығырақ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ДОКТОРАНТУРА

Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебінің докторантура бағдарламасы қарқынды оқуды, бір оқу блогы бойы серіктес университеттегі (Кембридж немесе Пенсильвания университетіндегі) оқуды және білім беру саласындағы ғалымдарды және тәуелсіз зерттеушілерді дайындау үшін зерттеулер өткізудің ілгерінді әдістемесін тереңдетіп зерттеуді үйлестіреді. Бұл – күндізгі оқу нысанымен төрт жылдық оқу бағдарламасы.

НУ ЖБМ докторантура бағдарламасында докторлық диссертация нысанында зерттеудің басым бөлігін өз бетімен орындау негізгі орынды алады. НУ ЖБМ докторантура бағдарламасының түлектері Қазақстанда білім беру реформалары мен саясатын әзірлеуде негізгі тұлғалар ретінде орын алады.

Бағдарламада оқытылатын кейбір негізгі курстардың мысалы:

Докторанттарға арналған ағылшын тіліндегі академиялық жазба І

Бұл курс PhD студенттеріне докторлық жұмыстарын жүзеге асыру үшін академиялық жазу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Практикалық сессиялар академиялық жазба стилінде нақты және айқын жазу дағдыларын қарастырады. Бұр курсқа бірінші курс PhD студенттері міндетті түрде қатысады, ал екінші және үшінші курс студенттеріне жазу дағдыларын дамыту үшін қосымша түрде ұсынылады..

Зерттеу тақырыбын дамыту 1

Бұл курс PhD бағдарламасының күзгі семестріндегі бірінші курс студенттеріне бағытталған. Курс студенттерге өз бетінше оқу курсы болып табылады және келесі мақсаттарды көздейді:

1.Студенттерге НУ ЖБМ оқытушыларымен (курс оқытушылары және басқа ресми және бейресми қатысушылармен пікірталастарға) сұхбаттасу арқылы өздерінің зерттеу тақырыбын ашуға мүмкіндік беру; Өз курстастарымен; сондай-ақ PhD курсын оқып-үйрену және өз бетінше зерттеу / оқу арқылы зерттеуге мүмкіндік беру;

  1. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Консультативтік комитеттің ықтимал мүшелері туралы мәселені қарастыру: Кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі консультативтік комитеттер 1-ші оқу жылының желтоқсан / қаңтарында тағайындалады және студенттерге өз қалауларын білдіруге мүмкіндік беріледі;
  2. Докторлық диссертацияның зерттеу жобасын нақтылау мен дамытуға ықпал ету мақсатында НУ мен ЖБМ ресурстарын зерттеу және қолдану;

4.Студенттерді «Зерттеу тақырыбын дамыту- 2» курсына дайындау: бұл бағдарламаның екінші семестрінде (1-ші курстың көктемінде) оқытылатын курс, студенттер қосымша тақырыптарды өздерінің докторлық диссертациялары бойынша Консультативтік комитеттің жетекшілігімен өз тақырыбын қосымша зерттеп, дамытады.

Бұл курс ECTS ‘0″, яғни оған кредит берілмеген. Алайда бағалау НУ “In-Progress” бағалау моделінің көмегімен жүргізіледі, онда студент: In-Progress қанағаттанарлық: студент курстың мақсаттарына қол жеткізуде жетістікке жетті немесе In-Progress қанағаттандырылмаған: студент курстың мақсаттарына қол жеткізуде жетістікке жетпеді (Академиялық қызмет жөніндегі Вице-деканмен және НУ ЖБМ бағдарлама директорымен құжатпен расталады). Бағалау семестр соңында студентпен ресми кездесу түрінде өтеді;

Ағартушылық іске кіріспе

Осы курстың негізгі мақсаты – Жоғары білім беру мектебінің докторантура бағдарламасына түскен студенттерді қалай ғалым және академиялық қоғамдастықтың мүшесі атануға болатынын үйретеді. Курс барысында студенттер ғылым әлемінде кәсіби маман ретінде таныла білу үшін, сыни тұрғыдан ойлана білу үшін қажетті дағдыларды үйренеді.

Білім саласында зерттеулер жүргізудің жетілдірілген әдістері

Білім саласында зерттеулер жүргізудің жетілдірілген әдістері зерттеу әдістемесіне айқын шолу жасайды. Соның ішінде курс идеядан мәліметті талдау және көрсетуге дейінгі санды әдіс процесін түсінуге қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Студенттер жеке қызығушылық тақырыптарына ғылыми білім беру зерттеуін жүргізу үшін бейнелейтін және логикалық статистикалық талдауды қолданады.

Университет контексіндегі оқыту және оқу: оқу жоспары, педагогика және бағалау

Халықаралық және қазақстандық контексттерде жоғары білім беру саласында жүргізіліп жатқан зерттеулерге сүйене отырып, студенттердің білімін және олардың жоғары оқу орнында сабақ беру қабілетін дамыту мақсатында осы курс докторанттарға жоғары білім берудегі оқыту мен білім беру саласына шолу жасайды. Бұл курс болашақ академиялық мансабында мұғалім ретінде дамуға ұмтылатын докторанттарға арналған. Курс соңында студенттер:

  • жоғары білім беру контекстінде оқыту мен оқыту стратегиясын анықтап, оларды қолдана алатын болады;
  • жоғары оқу орындарында оқу жоспары қалай жасалғанын, жетілдірілгенін және іске асырылатындығын түсіндіре алады;
  • жоғары білім беру контексінде бағалаудың әр түрлі қолайлы стратегияларын анықтап, қолдана алатын болады.

Халықаралық оқу

Бұл курсқа докторантура бағдарламасының студенттері шетелдегі серіктес университетте оқып жургенде тікреледі. Осы пән докторантура бағдарламасының екінші немесе үшінші курсында өтілетін 6-апталық халықаралық тәжірибе болып табылады. Курстың тапсырмалары студенттің ғылыми жетекшісі және серіктес жетекшісімен бірлесе студенттің зерттеу және білім алу қажеттіліктеріне сай жүзеге асырылады. Студенттердің серіктес-жетекшіcімен тікелей жұмыс істеу, зерттеуге қатысты мамандырылған пәндерді алуға, оқу бірлестігін және сол университеттегі докторантура студенттерімен және ғалымдармен байланысты дамытуға мүмкіндіктері бар.


Диссертациялық семинар

Бұл курстар сериясы оқуды бастаған уақыттан бастап диссертацияны қорғап біткенше өтеді. Курстың тақырыбы мен тематикасы әр түрлі болуы мүмкін, алайда барлық курстар сериясына тән ерекшелік – білім беру саласындағы әдебиетті оқу, профессорлар мен группаластармен сыни дискурстар жүргізу, қысқаша шолу жазу мен дискусия тақырыбына ауқымды жазба жұмыстарын жазу болып табылады. Бұл курс әр семестрде қайталануы мүмкін.



Диссертациялық зерттеу

Бұл курс cтуденттің бағдарламаға қабылданып, ғылыми жұмыс жүргізіп жатқанын білдіреді. Студенттер бұл курсқа дисертация жазу барысында әр семестр сайын тіркелу керек (Күз/Көктем). Бұл курс әр семестрде қайталануы мүмкін.

Назарбаев Университеті Жоғары Білім Беру Мектебінде оқуды таңдаудың бірнеше себептері
  • Мемлекеттік оқу гранты және Абай Құнанбаев атындағы шетел студенттеріне арналған оқу гранты
  • Ай сайынғы шәкіртақы және докторантура студенттеріне ғылыми ассистент немесе оқытушы ассистенті ретінде ақылы жұмыс істеу мүмкіндігі
  • Халықаралық аренада танылған әрі белсенді зерттеу жұмыстарын жұргізетін оқытушы-профессорлық құрам курстарды ағылшын тілінде береді
  • Конференциялар, семинарлар және де басқа окудан тыс академиялық іс-шаралар
  • Докторанттар үшін докторалық диссертация жазуға серіктес университетте 6-апталық оқу блогы қарастырылған
  • Мектеп, кітапхана мен спорт орталығы барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген
  • NUGSE Research in Education” студенттік журналында автор, рецензент әрі редактор болып жұмыс істеу мүмкіндігі
  • Университетте креативтілікті, жеке және кәсіби біліктілікті арттыруға 190-нан астам студенттік клубтар мен қауымдастықтар жұмыс жасайды
Не себепті Білім беру саласындағы докторантура?
  • академиялық қатаңдықты, сапаны және өзектілікті түсінудегі халықаралық стандарттың инновациялық бағдарламасы
  • әлемнің үздік тәжірибелеріне негізделген, бірақ Қазақстанның және жалпы өңірдің ерекше қажеттіліктері мен талаптарына жауап береді
  • оқу ресурстарын Назарбаев Университеті, Жоғары білім мектебі, Кембридж университеті және Пенсильвания университеті қамтамасыз етеді
  • Кембридж университеті мен Пенсильвания университетінің профессорларының ынтымақтастығы және бірлескен жетекшілік ету кеңестері
  • оқу, даму, оқытушы асистенті және ғылыми асистент ретінде жұмыс істеп ақша табу мүмкіндіктері
  • бағдарлама түлектерді университеттерде жоғары халықаралық стандартқа сәйкес тәуелсіз оқыту мен ғылыми зерттеулерге немесе мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеуге дайындайды
Докторантура бағдарламасының кезеңдері
  1. Курстарды оқу барысында озіңіздің мамандандыру және зерттеу әдістері бойынша тұжырымдамалар, теориялар мен тәжірибелер туралы терең түсінік қалыстастыруға мүмкіндік береді
  2. Ғылыми негіздеме жазу және оны қорғау. Әр студенттің негізгі 3 эдвайзері болады:
  • Негізгі эдвайзер (НУ ЖБМ)
  • Co-эдвайзер  (НУ ЖБМ)
  • Партнер-эдвайзер (Кембридж Университеті мен Пенсильвания Университеті)
  1. Зерттеу жұмыстары/Деректерді жинау және талдау
  2. Диссертаяны ішкі құрам мен шақырылған сарапшылардың емтиханына өткізуі
  3. Диссертацияны қорғау
PhD бағдарламасының академиялық күнтізбесі
Оқытушы-профессорлық құрам
Білім беру саласындағы докторантура бағдарламасына түсуге қойылатын талаптарды қарау

Білім беру саласындағы докторантура бағдарламасына түсуге қойылатын талаптар  

2020 жылға оқуға қабылдау аяқталды.  Жаңа оқу жылына оқуға құжат тапсыру 2020 жылдың соңында басталады.

 

Оқуға түсуші талапкерлерге қойылатын талаптар:

  1. Бакалавр дәрежесі немесе оның эквиваленті;
  2. Магистр дәрежесі немесе оның эквиваленті;

Егер сіз магистратураның соңғы курс студенті болсаңыз, ағымдық транскрипті уақытша тапсырсаңыз болады  

  1. Магистратура дипломында жақсы GPA көрсеткіші (немесе оның эквиваленті);
  2. Ағылшын тілін өте жақсы білу

Ағылшын тілі бойынша минималды талаптар келесі:

1)  IELTS жалпы балл 7.0 (және әр секция 6.0-ден төмен емес) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL тестімен эквиваленті; 

2) Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша келесі талапкерлер ағылшын тілі тестінің сертификатын тапсырудан босатылуы мүмкін: 

– бакалавр немесе магистратура дәрежесі ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елде оқылған әрі академиялық ортасы ресми түрде ағылшын тілі болып табылады;

– бакалавр немесе магистратура дәрежесі ресми тілі ағылшын тілінде оқытылған бағдарламада оқытылған.

  1. Сәйкесінше салада 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар.

Қабылдау комиссиясы жұмыс өтілі жоқ кейбір үміткерлерді өзге де ерекше жетістіктері үщін бағдарламаға қабылдауға ұсынуы мүмкін.

  1. Мотивациялық хатта оқуға әрі бағдарламаға түсуге деген айрықша мақсаты көрсетілуі қажет;
  2. Ғылыми негіздемеде бағдарламаға сай ғылыми қызығушылығы мен ол жайында білімі көрсетілуі қажет;
  3. Үш рекомендациялық хат.

 

Оқуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. Онлайн сауалнама толтыру;
  2. Жеке бас төлқұжаты (Қазақстан азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  3. Аты не тегін ауыстыру бойынша құжат (егерде өзгертілсе);
  4. Дипломдар (Бакалавриат және магистратура немесе оның эквиваленті) қосымшаларымен; 

Егер үміткер соңғы курс студенті болса, онда конкурсқа катысу үшін ресми ағымдық транскриптін өткізсе болады.

  1. Мерзімі өтпеген IELTS немесе TOEFL сертификаты;
  2. Ағылшын тіл білімін растайтын құжат (тек ағылшын тілінде оқуды бітірген үміркерлер үшін IELTS немесе TOEFL сертификатын тапсырудан босату мақсатында).

Үміткер оқыған университетінен ағылшын тілінде оқығаны, не оқытылған курстардың саны мен көлемі бойынша толық ақпараты бар құжатты тапсырады.

  1. Жұмыс өтілін растайтын құжат (егер болса); 
  2. Үміткердің оқу, кәсіби тәжірибесі мен Бағдарламаға түсу себептері, ары қарайғы жоспарын толық жазып көрсететін мотивациялық хат (300-500 сөз);
  3. Соңғы екі жылда жазылған үш құпия рекомендациялық хат (рекомендация беруші тұлға оны электронды түрде не қағаз жүзінде сұраныс келгенде жіберуі қажет );
  4. Бағдарламада зерттеуді жоспарлаған тақырып бойынша толық сипатталған ғылыми негіздеме (1500-2000 сөз);
  5. Жеке бас ақпаратын сараптау мен қолдану рұқсат формасы (форма үміткердің жеке кабинетінде болады).

Маңызды:

Барлық жоғарыда көрсетілген құжаттар (рекомендациялық хаттардан басқа) Үміткердің жеке кабинетіне оқуға қабылдау күні аяқталғанша жүктелуі қажет.  

Барлық жүктелген құжаттар ағылшын тілінде болу керек немесе нотариалды куәландырылған болу керек.

Құжаттар пакетін өткізу Бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.

Бағдарламаға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаменті сұраған барлық құжаттарды көрсетілген мерзімге дейін қағаз жүзінде тапсыруы тиіс.

Шетел университетін тәмамдаған үміткерлер сол университеттен Назарбаев Университетіне тікелей өз транскриптерін ресми түрде жіберуді сұрау керек : 010000, Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.

Стандартты тест нәтижелерін ресми администратор Назарбаев Университетіне тікелей жіберуі тиіс.

Назарбаев Университетінің институтционалды коды

  • TOEFL – 6762

Қабылдау комиссиясы үміткерді кажетінше қосымша сұхбақа шақыруы мүмкін. Сұхбат кампуста не онлайн түрде өтеді.

Құжаттарды тапсыру
Байланыс көздері

Айдана Сиргебаева

Академиялық және студенттер ісі бойынша аға менеджер 

Эл.пошта: aidana.sirgebayeva@nu.edu.kz

Телефон. +7(7172) 70 93 11

 

Мектептік эл.поштасы: gse@nu.edu.kz