Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Біз туралы

 

2012 жылғы 05 қыркүйек – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі ресми түрде ашылды

2012 ж. – Назарбаев Университеті (Шигео Катсу), Кембридж университеті (Коллин Маклафлин) және Пенсильвания университетінің (Роберт Земски) арасында Жоғары білім мектебін құру туралы декларацияға қол қойылды

2013 ж. 07 маусым – НУ ЖБМ-нде алғашқы қабылдау комиссиясы құрылды

2013 ж. 12 тамыз – Білім берудегі ғылым магистрі дәрежесін алуға күндізгі-қашықтықтан оқыту бағдарламасының 25 студенттен құралған бірінші тобының бірінші оқу күні

2013 ж. 19 тамыз – білім берудегі ғылым магистрі дәрежесін алуға бір жылдық қарқынды бағдарламаның 50 студенттен құралған алғашқы тобының бірінші оқу күні

2013 ж. 02 қыркүйек – Докторантура бағдарламасының 12 сттуденттер құралған алғашқы тобының бірінші оқу күні

2013 ж. қазан – НУ ЖБМ стратегиялық серіктестері – Кембридж және Пенсильвания университеттері өткізген сапаны қамтамасыз етуді алғаш рет тексеру

2013 ж. 30 қазан – НУ ЖБМ-ндегі алғашқы қонақ дәрісі – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Директоры Жаныл Жонтаева НУ ЖБМ студенттеріне ҚР мектепке дейінгі және орта білімнің ағымдық жай-күйі және дамуы туралы айтып берді

2015 ж. мамыр – НУ ЖБМ 45 түлек магистріне НУ дипломдарын тұңғыш беру рәсімі өтті

2015 ж. күзгі семестр – Докторантура бағдарламасының шеңберінде алғаш рет НУ ЖБМ докторанттары серіктес университеттерде (Кембридж және Пенсильвания университеттері) 1 семестр бойы оқыды

2016 ж. мамыр – НУ ЖБМ 64 түлек магистріне НУ дипломдарын берудің екінші рәсімі өтті

2017 ж. мамыр – НУ ЖБМ 68 түлек магистріне және 9 түлек докторына НУ ЖБМ дипломдарын берудің үшінші рәсімі өтті

2017 ж. күз – НУ ЖБМ Докторантура бағдарламасы 3 жылдық бағдарламаның орнына 4 жылдық бағдарламаға айналды

2018 ж. маусым – НУ 47 түлек магистріне және 3 түлек докторына дипломдар берудің төртінші рәсімі өтті