Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Біз туралы

Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымда
-Президент Нұрсұлтан Назарбаев


Назарбаев Университетінің Жоғары бiлiм беру мектебi ықпалды, білім берудің барлық деңгейінде, ғылыми зерттеу, сапалы білім беру және көз жеткізуші аргумент арқылы білім беру саясаты мен тәжірибесінде өзгерістер жасаушы әлемдік деңгейдегі Жоғары бiлiм беру мектебi болуды көздейді. Өз зерттеулері, білім беру мен ғылымының арқасында Жоғары білім беру мектебі адамдарға әлеуметтік жағдайына қарамай өзара түсіністік пен ғаламдық өзара байланыс контекстінде өз әлеуетін жоғарылатуға мүмкіндік беретін, білім беру концепциясын қолдай отырып барлығына арналған білімді жақсарту жолында жұмыс атқаруға әзір.

Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің міндеттері:
• жоғары халықаралық деңгейдегі білім берудегі ғылыми зерттеулерге, оқыту және ғылыми білім беруге қатысу,
• кеңірек шеңбердегі осындай ғылыми зерттеулерге, оқыту және ғылыми білімге қолдау көрсету,
• білім беру ғылыми зерттеулерінде, оқыту мен ғылыми білімдегі әлеуетті нығайту.
Осы мақсатта қызмет атқара отырып, Жоғары білім беру мектебі: • өзара байланыс және бірігіп қызмет ету бағытын жасау және қолдауды,
• Назарбаев Университетінің басқа да мектептерімен әр түрлі контексте және пәнаралық байланыста жұмыс істеуді,
• бастапқы және жалғастырушы оқытушы білімін жақсарту мақсатындағы стратегиялық бастамалар жасауды көздейді.