Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Біз туралы

Жоғары білім беру мектебінің (ЖББМ) Кембридж университеті және Пенсильвания университеті сияқты халықаралық серіктестері бар.


 

Кембридж университеті педагогика/білім беру факультеті (www.educ.cam.ac.uk)

Пенсильвания университеті, Жоғары білім мектебі (www.gse.upenn.edu)

Кембриджде педагогика факультеті білім зерттеулері, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызмет салаларында халықаралық көшбасшы болып табылады. Факультетте айналысатын зерттеулердің бағыттары білім беру, теңдік және дамытуды; педагогика, білім берудегі тіл мен мәдениетті; ғылым, техника және математика саласындағы білім беруді; оқытудағы көшбасшылықты; психология мен білім беруді қамтиды. Педагогика факультеті сондай-ақ Ынтымақтастық білім орталығы, Балалар әдебиеті орталығы, Білім және халықаралық даму орталығы, Білім берудегі неврология орталығы, сондай-ақ «Cambridge Primary Review» бастауыш ұлттық білім беру желісі мен «Оқыту үшін көшбасшылық» желісі үшін үй болып табылады.

Пенсильвания университетінің негізін Бенджамин Франклин 1751 жылы қалады және ол Шырмауық лигасының мүшесі болып табылады. Университеттік қоғамдастыққа Ғылым мен өнер академиясының 77 мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының 38 мүшесі, Гуггенхаймның 175 стпендиаты және Америка философия қоғамының 28 мүшесі кіреді. Соңғы жиырма жылда ПОҚ құрамы МакАртур Қорының 7 стипендиатынан, Ұлттық ғылыми медальдің 6 лауреатынан, Нобель сыйлығының 5 лауреатынан және Пулитцеров сыйлығының 5 лауреатынан құралды.

Пенсильвания университетінің Жоғары білім мектебі әлемдегі жетекші білім мектептерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – білім және білім беру саясаты саласындағы зеттеулер. Ол білім алу, педагогика және білім берудегі тіл саясаты салаларындағы жоғары деңгейдегі зерттеулерімен танымал болды. Соңғы он бес жылда Пенсильвания университетінің Жоғары білім мектебі білім беру саясаты, білім сапасын бағалау, жоғары білім беру, психология және адами капиталды дамытудың сандық зерттеулері саласында халықаралық беделге ие болды.