Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Біз туралы

Қымбатты достар!

Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебіне қош келдіңіздер!

Салыстырмалы қысқа мерзімде Жоғары білім мектебі жоғары оқу стандарттары мен көшбасшылықтың бірегей атмосферасын құра алды. Біздің жетістіктеріміз академиялық кәсіпқойлықтың, Мектебімізден әріптестерімнің, сондай-ақ Кембридж және Пенсильвания университеттерінен біздің серіктестеріміздің зерттеулері мен ізденістерінің нәтижелері болып табылады.

Мектеп магистранттары мен докторанттарының профессорларымыздан, соның ішінде халықаралық беделмен университеттерде білім алған және оларды аяқтаған ғалымдардан, жоғары және көп тілді оқыту саласындағы зерттеушілерден ең заманауи білімдерді, қабілеттерді және дағдыларды алуға және дамытуға бірегей мүмкіндігі бар.

Жоғары білім мектебі – бұл жоғары академиялық стандарттарды және тәртіпті тарататын қарапайым білім беру орталығы ғана емес. Біздің Мектебіміз сондай-ақ Қазақстанда да, халықаралық деңгейде де білім беруді дамытудың анағұрлым өзекті мәселелері бойынша жоғары сапалы зерттеулер өткізеді.

Сонымен қатар, мектеп студенттер, оқытушылар және зерттеушілер үшін жаңа білім алуға, жаңа зерттеулер әзірлеуге және озық тәжірибені қазақстандық ЖОО-ларға таратуға қолайлы жағдай жасауға ұмтылады.

Мен Сіздерге НУ ЖБМ-не қош келдіңіздер деймін, сіздің қызығушылығыңызды және бізбен бірге білім алу және кәсіби тұрғыдан даму ниетіңізді жоғары бағалаймын.

 

Аида Сағынтаева

Декан