Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Қазақстанда білім беру саласындағы реформалардың 2015-2020 жж. арналған стратегиялық бағыттарын әзірлеу

Қазақстанда білім беру саласындағы реформалардың 2015-2020 жж. арналған стратегиялық бағыттарын әзірлеу

Қазақстанда білім беру саласындағы реформалардың 2015-2020 жж. арналған стратегиялық бағыттарын әзірлеу

Мәртебесі: аяқталды, 2013-2015 жж.

Жобаның басшысы: Д-р Аида Сағынтаева

Жобаның зерттеу топтары мен өткізу мерзімдері

Мектепке дейінгі және орта білім тобы

Назипа Аюбаева, НУ ЖБМ
Д-р Дэвид Бриджес, Кембридж университетінің білім факультеті
Д-р Мэри Драммонд, Кембридж университетінің білім факультеті
Д-р Коллин МакЛафлин, Кембридж университетінің білім факультеті
Марина Кішкентаева, НУ ЖБМ
Анел Құлахметова, НУ ЖБМ
Д-р Мартин Нидхэм, Манчестер Метрополитен Университеті
Питер Мехисто, халықаралық кеңесші
Меруерт Садвақасова, НУ ЖБМ

Инклюзивті білім беру

Д-р Джули Аллан, Бирмингем университеті, Ұлыбритания
Толқын Омарова, НУ ЖБМ

Жоғары білім беру

Айдана Абдықұлова, НУ ЖБМ магистранты
Д-р Али Аит Си Мхамед, НУ ЖБМ
Дархан Билялов, НУ ЖБМ
Мэри Кэннинг, Жоғары білім басқармасы, Ирландия
Д-р Джони Финни, Пенсильвания университетінің ЖБМ
Д-р Дарси Харви, Жоғары білім беру саласындағы саясаттар институты, АҚШ
Д-р Алима Ибрашева, НУ ЖБМ
Д-р Деннис Джонс, Ұлттық жоғары білім беруді басқару жүйелері орталығы (NCHEMS), АҚШ
Д-р Рита Каса, НУ ЖБМ
Д-р Дауренбек Күлейменов, НУ ЖБМ
Д-р Эймс Макгиннесс, Ұлттық жоғары білім беруді басқару жүйелері орталығы (NCHEMS), АҚШ
Д-р Амантай Нурмагамбетов, Болон процесі және академиялқ ұтқырлық орталығы, Қазақстан
Алан Руби, Пенсильвания университетінің ЖБМ

Д-р Аслан Саринжипов, НУ ЖБМ
Д-р Ханс Воссенстейн, Жоғары білім беру саласындағы саясаттарын зерттеу орталығы, Твенте Университеті

Кәсіптік-техникалық білім беру

Владимир Гасков, халықаралық кеңесші
Нұржан Ғанимұрат, НУ ЖБМ

Жобаның қысқаша сипаттамасы

«Қазақстанда білім беру саласындағы реформалардың 2015-2020 жж. арналған стратегиялық бағыттарын әзірлеу» жобасын Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі және дүниежүзіне танылған ғалымдар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне білім беру саласындағы ұлттық саясатты бұдан әрі дамыту үшін білім беру саласындағы саясат туралы ұсыныстар беру мақсатымен іске асырады.
Осы саясатты зерттеудің мақсаты – бұл Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне жалпы диагностика жасау, оның мықты әрі осал тұстарын анықтау, барлық секторларда ары қарай жаңғырту бағыттарын анықтау. Жоба үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, талдамалы қолдау көрсетуге және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру үшін нақты ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған. Бұл жобаға қатысу үшін мектепке дейінгі және орта білім беру деңгейінен кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру деңгейлеріне дейінгі барлық білім беру деңгейлерінің білім беру саясатындағы жетекші халықаралық сарапшылары шақырылды. Мысалы, мектепке дейінгі және орта білім беру саласында жұмыс істеу үшін Дэвид Бриджес, Питер Мехисто, Коллин МакЛафлин, Мэри Джейн Драммонд және Хлое Гайер-Андерсон сияқты сарапшылар шақырылды. Владимир Гасков кәсіптік-техниклық білім берумен айналысты. Жоғары білім беруді Деннис Джонс, Эймс Макгиннесс, Джони Финни, Мэри Кэннинг және Дарси Харви сияқты сарапшылар зерттеді. Сонмыен қатар, Жобаның басшылық комитеті құрылды, оның дамуының жалпы көрінісін анықтау, жоба тобының негізгі бағыттарын түзету, және әртүрлі білім беру деңгейлерінде олардың қызметін үйлестіру комитеттің мақсаты болды.

Негізгі баяндамалар және жариялымдар

Жобаның 2013-2014 жж. кезеңдері

Жобаға қысқаша шолуды бұнда жүктеп алуға болады.

«Қазақстанда білім беру реформаларының 2015-2020 жж. арналған стратегиялық бағыттарын әзірлеу» 2014 ж. диагностикалық есебін бұнда жүктеп алуға болады

«Мұғалімдерді даярлау: мұғалімдердің бастапқы біліміне халықаралық шолу» есебін бұнда жүктеп алуға болады

Жобаның 2015-2016 жж. кезеңдері

Өтпелі кезең ахуалында Қазақстанда жоғары білім беруді қаржыландыру моделіне қатысты университеттердің тұрақтылығы туралы 2016 ж. жоба туралы есепті бұнда жүктеп алуға болады