Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі білім беру саласындағы инновацияларды тарату және оның сабақтастығы

Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі білім беру саласындағы инновацияларды тарату және оның сабақтастығы

Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі білім беру саласындағы инновацияларды тарату және оның сабақтастығы

Мәртебесі: ағымдағы жоба, 2018-2020 жж.

Зерттеу тобы

Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі

Д-р Аманда Аджодхиа
Д-р Бриджит Гудмэн
Д-р Джанет Хэлмер
Әсел Қамбатырова, PhD студенті
Д-р Кайрат Куракбаев (жобаның бірлескен басшысы)

Д-р Кейти Мэлоун
Д-р Мишель Сомертон
Д-р Дэниел Торрано
Д-р Майкл Тседисо Макоэлле

Кембридж университеті, білім факультеті

Д-р Олена Фимьяр
Д-р Коллин МакЛафлин (жобаның басшысы)
Д-р Лиз Уинтер
Д-р Наталлиа Якавец

Назарбаев зияткерлік мектептері

Зарина Хамидулина
Аяулым Төребекова
Д-р Ксения Тұрсынбаева

Жобаның сипаттамасы

Қазақстанда білім беру жүйесінің бірнеше ірі реформасының іске асырылып жатқаны баршаға мәлім. НУ ЖБМ зерттеулер жоспарлары шеңберінде біз Қазақстанда мектеп реформаларының басты аспектілерін бірлесіп үш жылдық (2018-2020 жж.) зерттеуді жоспарладық. Зерттеу Қазақстанда өткізілген ғылыми-зерттеу жұмысының екі нәтижелі жылының нәтижелеріне негізделеді және қазір ұсыныс ішінара 5 жыл бойы ұзақ мерзімді зерттеуді өткізу үшін тәсілдердің кейбір сабақтастығын қамтамасыз етуден тұрады. Ұсынысты ORAU қарастырды және өте перспективалық болып танылды. Бұл жұмыс туралы жобаның барлық қатысушылары өз презентацияларын жазды және ірі еуропалық және америкалық конференцияларда ұсынды. Реформа келесі негізгі элементтерден тұрады – оқу бағдарламасы, оқу бағдарламасының негізінде жатқан педагогикалық тәсіл, бағалау тәсілдері, үш тілде білім беруді және жаңа кәсіби даму бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы жаңа саясат. Қазіргі уақытта реформалар НЗМ тәжірибесіне негізделеді және бүкіл ел бойынша енгізіліп келеді. Білім беру жүйесінің реформасы, оны бүкіл ел бойынша тарату және енгізу білім беру саласындағы зерттеулерді өткізу, яғни реформаның әртүрлі кезеңдерін және білім қорына мұғалімдер мен мектептерді дамыту туралы үлес қосу мүмкіндігін, сондай-ақ көп тілде білім беру, инклюзия және теңдік, мұғалімдерді дамыту, ауылдық және қалалық жағдайда білім беру, педагогика және бағалау сияқты НУ ЖБМ-не қызығушылық тудыратын әртүрлі салаларды зерттеу үшін бірегей мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны
 

Зерттеу мақсаттары:

  • Мектеп мұғалімдерінің, мектеп директорларының және басқа мүдделі тараптардың жалпы білім беретін мектептерде жаңартылған оқу бағдарламасына жаңа элементтерді енгізуге деген пікірін және қарым-қатынасын зерттеу;
  • Реформаның моделін және мықты тұстарын, қиындықтары мен жүйенің әртүрлі деңгейлеріне ықпалын зерттеу;
  • Мұғалімдерге ықпалын және олардың дамуы үшін салдарын зерттеу;
  • Оқушыларға және олардың білім алуына ықпал етудің тиімді шараларын зерттеу және олардың қайсысын пайдалануға болатынын білу;
  • Үш тілде білім беру саясатының ерекшеліктерін зерттеу;
  • Инклюзивті білім беру саласындағы жаңа саясаттардың ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу тобына әртүрлі буындардан басшылар кіреді, олардың кейбіреулері – Кембриджден және НУ ЖБМ-нен. Зерттеудің негізгі нысаны реформа және қалалық/ауылдық оқу шарттары болады.