Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

Қазақстанда орта білім беру жүйесін дамытудың заманауи үрдістерін зерттеу

Қазақстанда орта білім беру жүйесін дамытудың заманауи үрдістерін зерттеу

Қазақстанда орта білім беру жүйесін дамытудың заманауи үрдістерін зерттеу

Мәртебесі: аяқталды, 2017 ж.

Зерттеу тобы

Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі

Д-р Анна Коэн Миллер
Д-р Бриджит Гудмэн
Зәкір Жұмақұлов
Әсел Қамбатырова, PhD студенті
Д-р Қайрат Құрақбаев (жобаның бірлескен басшысы)

Кембридж университеті, білім факультеті

Д-р Олена Фимьяр
Д-р Коллин МакЛафлин (жобаның басшысы)
Д-р Лиз Уинтер
Д-р Наталлиа Якавец

Жобаның сипаттамасы

Зерттеуде мектеп мұғалімдерінің, мектеп директорларының және басқа мүдделі тараптардың бастауыш білімнің оқу бағдарламасына жаңа элементтерді, сондай-ақ Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде бағалаудың жаңа қағидалары мен тәжірибелерін енгізуге қатысты пікірі және қарым-қатынасы зерттелді. Зерттеудің жалпы стратегиясы зерттеудегі негізгі назардың мектеп мұғалімдерінің, директорлар орынбасарларының, мектеп директорларының және басқа мүдделі тараптардың бес негізгі элементке деген қарым-қатынасына, қабылдауына және тәжірибесіне аударылуына негізделді, атап айтқанда: 

  • оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне;
  • оқу бағдарламасының мазмұнына;
  • жаңа бағалау тәсілдеріне;
  • жаңа элементтерді енгізу, соның ішінде өзгерістерді басқару және олардың іске асырылуына қолдау көрсету жалпы тәжірибесіне.
Негізгі нәтижелер

Сапалық деректер көптеген мұғалімдер мен мектеп директорлары жаңа оқу бағдарламасын ойлау мен тәжірибедегі едәуір өзгерістер ретінде қарастырғанын көрсетті. Эксперименталды мектеп директорларының біреуі былай деп айтты: «Өзгерістер бұрын да жасалды, бірақ қазір бұл бүкіл парадигманың орнынан қозғалуы болып табылады». Зерттеудің кейбір нәтижелері келесіні қамтиды. Бір мектеп шегінде мұғалімдердің арасындағы және мектептердің арасындағы ынтымақтастық артты және ол өте жоғары бағаланады. Мұғалімдер, практиканттар мен мұғалімдер, мектептердің арасындағы ынтымақтастықтың көптеген нысандары бар. Мұғалімдер бірлесіп жоспарлаумен, бірлескен және топтық сабақ берумен айналысты, бір-біріне және оқу сабақтарын бақылады. Көп жағдайда бұндай нысандар мұғалімдер үшін жаңа болды. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарды қарастырып, қалалық және ауылдық мұғалімдердің жаңа оқу бағдарламасын қабылдауы барлық компоненттер бойынша ұқсас болды. Дегенмен, Назарбаев Университетіндегі жоба басшысы доктор Қайрат Құрақбаевтің айтуынша, «ауылдық және қалалық мектеп оқушыларының тәжірибесі мен білімі оқу бағдарламасының мазмұнына деген қарым-қатынастағы айырмашылықтарға алып келді». Оқу бағдарламасының күрделілігін қабылдауда қалалық және ауылдық мұғалімдердің арасында едәуір статистикалық айырмашылықтар байқалды. Ауылдық мұғалімдер, қалалық әріптестеріне қарағанда, оқу бағдарламасының күрделілігі басым оқушылардың деңгейіне мүлдем сәйкес келмейді деп санады. Толығырақ айтатын болсақ, қалалық мұғалімдердің 66%-ы оқу бағдарламасының күрделілігі оқушылардың деңгейіне сәйкес келеді деген тұжырыммен ішінара немесе толық келісті, бұл кезетке бұндай жауап ауылдық мұғалімдердің тек 54%-ынан ғана алынды. Кейбір мұғалімдердің оқу бағдарламасы мазмұнының күрделілігіне қарым-қатынасы, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы айырмашылықтар туралы жоғарыда аталған сұрақ сияқты, мектепке дейінгі білім және балаларды мектепке дайындығы маңыздылығының негізінде жатыр. Бүкіл сынып үшін немесе кейбір жағдайларда толық топ үшін мәселелер мектепке дейінгі білім алу мүмкіндіктерінің әркелкілігі себебінен пайда болады және балалар мектеп ортасына бейімделгенге дейін бүкіл кезең бойында сақталады. Оқушылардың үлгерімін жаңа бағалау тәсілдерін пайдалану тәжірибесін талқылай отырып, бастауыш білімнің жаңартылған бағдарламасын енгізетін мұғалімдер оқушыларды бағалайтын әртүрлі тәсілдері мақсаттарының анағұрлым күрделі түсінігін және артықшылықтарын әзірлегенін атап өткен жөн. Доктор Лиз Уинтер, Кембридж Университетінің білім факультетінен зерттеуші және зерттеу қатысушысы, атап өткендей: «бағалау мақсаттарына қатысты сауалнамалардан ашық жауаптар деректерінің мазмұнын талдау, басқа мұғалімдермен салыстырғанда, жаңартылған мазмұн мұғалімдерінің арасындағы бағалауға статистикалық тұрғыдан маңызды әрі анағұрлым күрделі тәсілді көрсетті». Бұның дәлелі ретінде сауалнама нәтижелері де «қалыптастырушы бағалау тәсілі» 30 экспериментті мектепте бірінші сынып мұғалімдерінің арасында кең таралғанын көрсетті, сондықтан нәтижелер туралы есепті ұсынудың орнына оқытуға назарды қайта үлестіруде едәуір ілгеріліс бар». Ата-аналарға бағалау нәтижелерін ұсынудың жаңа тәсілдері балалардың оқу жетістіктері тұрғысынан ата-аналармен анағұрлым белсенді өзара әрекеттесуге алып келді. Жаңартылған оқу бағдарламасының мұғалімдері ата-аналарға есептіліктің жаңа нысандарының мәнін түсіндіруге көп уақыт пен күш жұмсады. Мұғалімдердің алдында үлкен міндет – неліктен оқушылар күнделікті бағаны алмайтынын түсіндіру және негіздеу міндеті тұрды. Мұғалімдердің жұмсаған уақытына қарамастан, балалардың оқуын ата-ана-мұғалім тобында, сондай-ақ ата-аналармен жеке талқылауға көмектесетін тетік пайда болды. Зерттеудің нәтижелерін анағұрлым егжей-тегжейлі зерттеуге мүдделі оқырмандар жобаның басшысы Қайрат Құрақбаевпен  gse.research@nu.edu.kz поштасы немесе +7 (7172) 70 65 76 телефоны арқылы байланыса алады.

Зерттеу тәсілдері

Зерттеу үшін қабылданған теориялық негіз төрт әртүрлі элементтен тұратын модельді пайдаланды, олар өзара әрекеттесіп, тиімді оқыту жүйесін қалыптастырады (Дарлинг Хаммонд, 2010). Бұл элементтер жоғары сапалы оқу бағдарламасын, тиісті материалдарды және шарттарды, бағалаудың жақсы құралдарын және мұғалімдердің жақсы дайындығын қамтиды. Бұған қоса, зерттеуде Оутс (2010) «оқу бағдарламасын бақылау» және «оқу бағдарламасының келісімділігі» туралы түсініктер пайдаланылды, бұл ұйымдастыру және деректерді талдау кезінде сыни тұрғыдан бағалау призмасын қамтамасыз етті. Зерттеуге жаңа Мемлекеттік жалпы білім беретін бастауыш білім беру стандартын пилоттық режимде қолданатын 30 мектептің алтауы қатысты. Зерттеу еліміздің әртүрлі облыстарында ауылдық және қалалық мектептердің тең саны арасында өткізілді. 2016-2017 жж. мерзімінде зерттеушілер 20 жеке сұхбат өткізді; 35 фокус-топқа 60 астам адам кірді. Жазбаша ашық және жабық сұрақтарды қамтыған сауалнама нәтижесінде сандық және сапалық деректер алынды. Сауалнамаға барған алты эксперименттік мектептен бірінші сыныптың 67 мұғалімі және басқа сыныптардың 253 мұғалімі қатысты. Сонымен қатар, 2016 жылғы мамырдың басында сауалнама қалған 24 экспериментті мектепте бірінші сыныптың 275 мұғалімі арасында өткізілді.

Жоспарланған жариялымдар

Маклафлин, К., Уинтер, Л., Құрақбаев, К. Білім беру реформасы және ұлттық жүйедегі өзгерістер: ерте іске асыру кезеңдерін тақырыптық зерттеу. Халықаралық рецензияланатын журналға арналған мақала. Маклафлин, К., Уинтер, Л., Құрақбаев, К. Эксперименттік мектеп мұғалімдерінің қарым-қатынас өзгерістерін болжамдау. Жергілікті рецензияланатын журналға арналған мақала.