Nazarbayev University
Graduate School of Education

Graduate School of Education

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АХУАЛЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ СӘЙКЕСТІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АХУАЛЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ СӘЙКЕСТІГІ

Халықаралық тәжірибе ахуалында Қазақстан орта және жоғары оқу орындары білім беру бағдарламалырының сәйкестігі

Мәртебесі: аяқталды, 2012-2013 жж.

Ғылыми-зерттеу тобы

Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі

Д-р Құрақбаев Қайрат (жетекші бірлескен зерттеуші)

Д-р Сағынтаева Аида

Билялов Дархан

Қамбатырова Әсел

Кішкентаева Марина

Кембридж университетінің педагогика факультеті

Д-р Дэвид Бриджес (зерттеудің басшысы)

Д-р Коллин Маклафлин (жетекші бірлескен зерттеуші)

Д-р Олена Фимьяр

Д-р Дэвид Фрост

Д-р Фэй Тернер

Д-р Элейн Уилсон

Д-р Лиз Уинтер

Д-р Наталлиа Якаветс

Майк Янгер

Жобаға кіріспе

Қазақстандық білім беру реформасы бағдарламасының негізгі бөлімі орта білім беруге бағдарланды. Бағдарлама келесінің қамтыды:

* жаңа оқу жоспарын әзірлеу және бағалау құрылымын түрлендіру;

* мектептегі бағалау құрылымы;

* мектептерге үштілді саясатты енгізу;

* талантты және дарынды балаларға арналған бірқатар жаңа мектептерді әзірлеу – Назарбаев зияткерлік мектептері;

* Педагогикалық шеберлік орталықтары шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізгі бағдарламасы.

Кембридж университеті мектеп реформасы професіне белсенді қатысады, атап айтқанда халықаралық кембридж емтихандарын өткізу арқылы, сондай-ақ Педагогика факультетінің базасында. Кембридж университетінің ғылыми-зерттеу тобы мәртебеге ие болған және бұл кезекте, реформалау процесіне қатысты сыртқы бақылаушылар болып табылады (білім беру саласындағы зерттеулерде көпшілікке танымал позиция), ал бұл жайғасыммен көтерілген әдістемелік мәселелер зерттеу барысында зерттеледі. Дәл айтқанда мектепті реформалау процесі 2012-2013 жылдарда өткізілген зерттеудің тақырыбы болып табылады. Біз 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда білім беруді реформалау тарихын, реформа шешуге талпынатын заманауи ахуалын және мәселелерін, экономикалық, мәдени, саясатты ілгерілететін геосаяси және қарапайым прагматикалық түсініктерді және ұмтылыстарды, бұл саясаттың негізгі элементтерін, оны іске асыру кезінде қарастырылатын мәселелерді түсінуге және сипаттауға ұмтылдық. Зерттеудің бірінші жылында біз назарымызды ресми құжаттардан жиналған және реформалау процесінің ортасында болған басты фигуралардан алынған дәлелдерге шоғырладық. Зерттеудің екінші жылында біз назарымызды мектептерде орындардағы адамдардың тәжірибесіне және түсініктеріне шоғырладық. Бастапқыда біз 2012 жылғы жұмысты «шолулық зерттеу» ретінде сипаттадық және бұл оның негізгі функциясы болды. Ол зерттеу тобына назарды Қазақстандағы білім беру реформаларына бағыттауға және болашақта анағұрлым егжей-тегжейлі зерттелетін басты мәселелерді анықтауға көмектесті (келесі зерттеу кезеңдері бойынша ақпарат алу үшін төмендегі бөлімді қараңыз). Бұл есепте Қазақстанда реформалау процесіне қатысатын әріптестеріміз үшін жаңа болмайтын көп ақпарат бар. Алайда, зерттеушілер бұған дейін белгілі болған ақпаратқа басқаша көзбен қарау, жаңа мәселелерді көтері немесе жаңа пікірді қосу тәсілдерін ұсынатын өз түсініктерін, халықаралық тәәжірибені және сыни-шығармашылық көзқарасты кіріктірді (Бриджестің сыртқы бақылаушылардың зерттеуге үлесі туралы 2009 жылғы жұмысын қараңыз). Зерттеулер және саясат пен тәжірибенің арасында механикалық байланыс бар, бірақ біздің зерттеуіміздің көмегімен біз Қазақстандағы білім беруді дамытуға, сондай-ақ оның ұмтылыстары мен тәжірибесін халықаралық түсінуге оң үлес қоса алуымызға зерттеулер саласындағы ынтымақтастыққа үміттің бары сөзсіз.

Негізгі қорытындылар
 
Бұл зерттеу 2012 жылы шолулық зерттеу ретінде басталды. Біз бұл кезеңде ұсыныстарды әзірлеуді қарастырмаған болатынбыз, назар аударуға тұрарлық басты мәселелерді анықтауды, 2012 жылы және кейінгі мерзімде зерттеуді бұдан әрі жалғастыруды қарастырдық. Халықаралық зерттеуді өткізе отырып, біз біздің пікірімізше құжаттарда көтерілген анағұрлым маңызды мәселелерді анықтауға талпындық, – атап айтқанда біз соңғы тоғыз айда өткізген сұхбатта, сондай-ақ халықаралық тәжірибе және ғылыми-зерттеу әдебиеті негізінде. Зерттеудің бұл кезеңінің нәтижелері Дэвид Бриджестің редакциясымен «Cambridge University Press» баспасы 2014 жылғы қыркүйекте жариялаған «Білім реформасы және интернационалдандыру: Қазақстандағы мектеп реформасының мысалы» атты біздің кітабымызда толық сипатталды.
 
Зерттеу тәсілдері мен әдістері

Осы және келешек зерттеулерде біз тиісті зерттеу тәсілдері мен әдістерінің үйлесімдігін пайдаланбақшымыз. Алайда, санын ғана қамтамасыз ету үшін тәсілдердің үйлесімдігін пайдалану үшін негіз жоқ, ал тәсілдер мен әдістер олардың зерттеу мәндері үшін орынды болуы негізінде және олар әрекетке келтіретін себептерге, дәлелдерге және аргументтерге сәйкес тандалу тиіс. Зерттеудің алғашқы жылы біз, негізінен, Қазақстанда білім беру реформаларының жақындағы (тәуелсіздікті алғаннан кейін) тарихын және заманауи

тарихын, білім беру саясатының факторларын немесе «рационалдығын» және олардың анағұрлым кең саяси пікірталаста, сондай-ақ заманауи реформалардың әлеуметтік, экономикалық және мәдени жағдайында орналасу тәсілін түсінуге тырыстық. Біз осы барлық аспектілерді директивалық құжаттардағы және ресми мәлімдемелердегі тұжырымдамаларға, саясатты қалыптастыруда, түсіндіруде және іске асыруда басты рөлді атқаратын көп адамдар тобы бұған дейн және қазір қалай қабылдайтына сәйкес қарастырдық. Осы міндеттерді ескере отырып, тарихтан (соның ішінде 1978 ж. Стэнхаус «заманауи тарих» деп атағанын да), саяси әлеуметтанудан, дискурс талдауынан, экономикалық теориядан, салыстырмалы білім беруден, философиядан және бұл кезеңде орынды этнографиядан (тәжірибелік мысалдарды талдау) және ғұмырнамадан алынған зерттеу тәсілдерін қолдану нысаналы болатын еді. Біз дәлелдерді негізінен ресми және бейресми құжаттардан, басты қатысушылардан сұхбат алу арқылы жинадық («білім беру саласындағы саясаттың нақты деректеріне негізделген» қолдайтын бірқатар зерттеу тәсілдерін талқылау Бриджест және т.б. 2009 жылғы жұмысында келтіріледі).

 

Негізгі жариялымдар

Bridges, D. (2014) (ed.) Educational Reform and Internationalisation: The Case of School Reform in Kazakhstan. Cambridge: Cambridge University Press.

Bridges, D. & Sagintayeva, A. Introduction. In Bridges, D. (ed) (2014) Educational Reform and Internationalisation: The Case of School Reform in Kazakhstan. Cambridge: Cambridge University Press.

Bridges, D., Kurakbayev, K., & Kambatyrova, A. (2014). Lost-and-Found in Translation? Interpreting the Processes of the International and Intranational Translation of Educational Policy and Practice in Kazakhstan. In Bridges, D. (ed) (2014) Educational Reform and Internationalisation: The Case of School Reform in Kazakhstan. Cambridge: Cambridge University Press.

Frost, D., Fimyar, O., Yakavets, N., Bilyalov, D. (2014) The role of school director in educational reform in Kazakhstan. In Bridges, D. (ed) (2014) Educational Reform and Internationalisation: The Case of School Reform in Kazakhstan. Cambridge: Cambridge University Press.

Mehisto, P., Kambatyrova, A., Nurseitova, K. Three in one? Trilingualism in policy and educational practice. In Bridges, D. (ed) (2014) Educational Reform and Internationalisation: The Case of School Reform in Kazakhstan. Cambridge: Cambridge University Press.