Жаналықтар
back
Бүгін NUGSE-де бағдарлау күні өтіп жатыр

Бүгін NUGSE-де 2020 сыныптың 99 магистранттары мен докторанттары үшін бағдарлау күні өтуде. Еліміздің әр аймағынан және тіпті Жапония мен Гана сияқты алыс шет елдерден студенттерді NUGSE деканы Аида Сағынтаева, деканның орынбасары Джейсон Спаркс және Майкл Макоэлле, профессорлар мен әкімшілік қызметкерлер қарсы алды. Өкінішке орай, коронавирустық пандемияға байланысты, университеттің 10 жылдық тарихында алғаш рет жаңа студенттермен танысу және оқу жылының басталуы виртуалды түрде болады.
Дәстүр бойынша, бұл күні NUGSE деканы Аида Сағынтаева студенттерге мотивациялық сөз сөйлейді, декан орынбасарлары студенттерді алдағы оқу және зерттеу жұмыстарымен таныстырады. Одан әрі студенттер университеттің барлық бөлімдерінің өкілдерімен танысады, олар университеттің тәртіп жүйесі және өмірі туралы айтып береді.
Құрметті студенттер, бүгін сіздер үшін үлкен академиялық сапар басталады, онда сіздерге жоғары талаптар қойылады, бірақ бұл уақыт NUGSE жылы жағдайда өтеді, мұнда сіз әрдайым қолдау тауып, кез-келген сұрақтарға жауап аласыз. Ешқандай коронавирус бұған бөгет бола алмайды!

