News

Орталық Азиядағы білім берудің саяси экономикасын түсіну: Өзбекстандағы зерттеу нәтижелерін тарату жөніндегі семинар →

2023 жылғы 13-15 наурыз аралығында Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі жетекшілік ететін білім берудің саяси экономиясын зерттеу желісің (PEER Network) Орталық Азия хабы Ольстер университетінің (Солтүстік Ирландия) серіктестерімен бірлесіп Ташкентте (Өзбекстан) үш күндік "зерттеу нәтижелерін тарату" семинарын өткізді. Іс-шара Қазақстанның, Тәжікстанның және Өзбекстанның жаңа бастаған ғалымдарына арналған білім берудің саяси экономикасы саласындағы ғылыми-практикалық стипендиялар шеңберінде ұйымдастырылды. 13 және 14 наурызда қатысушылар мен семинардың фасилитаторлары, профессор Келси Шанкс және әлеуметтік жұмыс және саясаты зерттеу жөніндегі директор, доктор Карл О'Коннор (Ольстер университеті), профессор Наурин Дуррани және доцент Хелен Тибомен (Назарбаев Университеті) зерттеулерді таратудағы идеялар мен тәсілдерді тиімді талқылады. Осы күндері хаб стипендиаттары өздерінің зерттеулерін жариялау жобаларында жұмыс істеуге және тәлімгерлер мен әріптестерінен кері байланыс алуға мүмкіндік алды.

15 наурызда Орталық Азия хабы Әлемдік экономика және дипломатия университеті жанындағы Перспективалы халықаралық зерттеулер институтымен бірлесіп "Орталық Азиядағы білім берудің саяси экономикасы: зерттеу нәтижелері" зерттеу нәтижелерін тарату күнін ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелерін тарату күні Әлемдік экономика және дипломатия университетінің проректоры доктор Гульноза Исмаилова мен PEER Network бас зерттеушінің бірі профессор Келси Шанкс (Ольстер университеті), Орталық Азия хабының профессор Наурин Дуррани және доцент Хелен Тибоның (Назарбаев Университеті) кіріспе сөздерінен басталды. Күні бойы стипендиаттар Ташкенттегі зерттеушілер мен практиктерге өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Елдердің тарихи, әлеуметтік, саяси және мәдени тұрғыдан алғандағы білім беру мәселелерін зерттей отырып, зерттеушілер дінге, тілге, жынысқа, инклюзивтілікке және интернационалдандыруға қатысты байқалып отырған дискурстарды талқылады.

Білім берудің саяси экономиясы саласындағы ғылыми-практикалық стипендиялар зерттеулерді қаржыландыру және жүргізуге өтініш беру кезінде оқыту мен тәлімгерлікке, сондай-ақ сыни саяси экономика объективі арқылы білім беру мәселелерімен айналысатын PEER Network зерттеушілерінің жаңа тобын құруға бағытталған. "PEER Network" жобасы (https://peernetworkgcrf.org/) – төрт университет басқаратын үш жылдық бастама: Ольстер Университеті (Солтүстік Ирландия), Сассекс Университеті (Англия), Назарбаев Университеті (Қазақстан) және Кейптаун Университеті (Оңтүстік Африка).
KZ