Білім берудің саяси экономиясын зерттеу желісі (PEER Network) 2024 жылғы 5 наурызда өтетін кітабының тұсаукесеріне шақырады.
PEER Network - Ольстер Университеті, Сассекс Университеті, Назарбаев Университеті және Кейптаун Университетінен тұратын үш жылдық зерттеу консорциумы. Бұл зерттеу консорциумын Ұлыбританияның зерттеу және инновациялар қоры (UK Research and Innovation) арқылы Жаһандық Мәселелерді Зерттеу Қоры қаржыландырады. Жоба Орталық Азияның жас ғалымдарын қолдауға және саяси экономика талдауын қолдана отырып, жергілікті зерттеу жүргізуге бағытталған.
Қазіргі уақытта жоба аясында жүргізілген эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері Palgrave баспасындағы «Орталық Азиядағы білім берудің саяси экономикасы» атты кітабында жарияланған. Қонақтар 2 наурызға дейін келесі сілтеме (https://nukz.qualtrics.com/jfe/form/SV_2m1J2tLw868N9AO) немесе QR коды арқылы тіркелуі керек.
Күні және уақыты: Сейсенбі, 5 наурыз, 9:30-12:00.
Өтетін жері: Қызыл зал 1022 (Блок С3)
Жүргізілетін тіл: ағылшын тілі (қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аудармасы жасалынады)