News

Қазақстанда педагогикалық білім беруді қалай жетілдіруге болады? Үздік тәжірибелерді үйрену, әріптестермен бөлісу, тәжірибеде жүзеге асыру.

Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі педагогикалық ЖОО-ның екі мыңға жуық оқытушылары
елдегі педагогикалық білімді сапалы деңгейге көтеру үшін оқытудан өтуде. Қазіргі заманғы
педагогикалық білім берудегі трендтерді және қолайлы білім беру ортасын құру жолдарын, студентке
бағдарланған оқытуды, педагогтар мен цифрлық педагогиканың IT құзыреттерін, сондай-ақ бүгінгі күн
үшін маңызды басқа да тақырыптарды зерделеуді қамтитын оқыту «Педагогикалық білім беру
моделін енгізу және оның мазмұнын күшейту» жобасы шеңберінде жүргізіледі.
Ауқымды жоба бойынша серіктестер Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
мен Финляндия университеттері болып табылады. Жобаға Дүниежүзілік банк пен ҚР Ғылым және
жоғары білім министрлігі қолдау көрсетуде. Тренингтерді Назарбаев Университетінің Жоғары білім
беру мектебінің профессорлары мен Финляндиядан келген сарапшылар өткізеді.
«Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі бүгінгі таңда қазақстандық білім беру
саласын жүйелі түрде трансформациялауға және позитивті өзгерістерге бағытталған көптеген кәсіби
білім беру жобаларын іске асырды. Сондықтан, ауқымды, күрделі жобаның серіктесі ретінде біз
кездейсоқ таңдалған жлқпыз. Бұл жобаның мақсаты - педагогикалық білім берудің жетілдірілген
моделін енгізу және 30 білім беру бағдарламасын бейімдеу сәтті жүзеге асырылады деп үміттенемін",
- деді жоба басшысының орынбасары Аида Сағынтаева, НУ Жоғары білім беру мектебінің деканы.
Жоба осы жылдың маусым айына дейін жалғасады және оған 42 жоғары оқу орнынан 2150-ге
жуық оқытушы мен 50 ауылдық мектептің директорлары қатысады деп жоспарлануда.
«Фин және Назарбаев Университетінің сарапшыларымен біз білім берудегі креативті
тәсілдерді, инновациялық технологияларды, компьютерлік шешімдерді, жасанды интеллекттің әсері
мен қолданылуын, білім берудегі инклюзияны, оқытудағы пәнаралық тәсілді белсенді, егжей-
тегжейлі талқыладық. Бұл жақсы алаң, онда біз өз жұмысымызда жүзеге асыратын жаңа идеяларды
алдық», - деп Астана Халықаралық университетінің (AIU) профессоры Серік Нүркенов тренинг туралы
өз пікірімен бөлісті.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Жанар Сүлейменованың
айтуынша: «Бұл мен үшін әріптестеріммен бірге көптеген маңызды аспектілерді, жаңа идеялар мен
тәсілдерді зерттеген әсерлі білім алу болды, бұл біздің қазіргі білім туралы түсінігімізді өзгертетіні
сөзсіз».
Жоба бойынша оқудан өткен қатысушыларға әлемдік озық тәжірибелерді өздері оқып қана
қоймай, алған білімдері мен тәжірибелерін өз ұжымдарында әріптестері арасында одан әрі тарату
міндеті қойылып отыр.
KZ