News

NUGSE Қазақстандағы NEET жастарының үлесін азайтуға бағытталған жобаға қатысты →

2023 жылғы 28 наурызда Назарбаев Университетінде «Қазақстандағы жастар үшін сын-қатерлерді бағалау және инновациялық шешімдердің пилоты» жобасының нәтижелеріне арналған конференция өтті.

Конференция барысында сарапшылар NEET («Nnot in education, employment or training» дегенді білдіреді және қазіргі уақытта оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастарды қамтиды) жастар мәселесін, жастардың жұмысқа орналасу артықшылықтарын және жұмыспен қамту саласындағы олқылықтарды зерттеу қорытындыларымен бөлісті. Қазақстандық тәжірибеде алғаш рет жобада эксперименттік экономика әдістері қолданылды.

«Қазақстандағы жастар үшін сын-қатерлерді бағалау және инновациялық шешімдердің пилоты» жобасын екі жыл ішінде зерттеушілер тобы АҚШ Ұлттық Ғылым академиясы мен USAID гранты есебінен іске асырды. Жоба NEET жастарының санын азайту және осы жастарға қатысты дәлелді тұжырымды әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Конференцияда Қазақстан үшін эксперименттік экономика негізіндегі инновациялық зерттеу тәсілдері - зертханалық және далалық эксперименттер ұсынылды.

Жобалық топ ұсынылған тұжырымды енгізгенге дейін тестілеу және NEET жастарына қатысты ақпараттық интервенция бойынша эксперименттің нәтижелерін жария етті.

Көптеген елдермен салыстырғанда, Қазақстан соңғы 20 жылда NEET жастарының айтарлықтай азайғанын көрсетеді - 2001 жылғы 18,6% -дан 2020 жылы 7,1%-ға дейін , яғни 2,6 есе азайды (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы, 2021).
KZ