Назарбаев Университеті 2025 жылғы білім беру саласындағы жаһандық рейтингке енді
Shanghai Ranking 2025 рейтингі жарияланды және Назарбаев Университеті 401–500 диапазонында орналасып, алғаш рет Білім беру саласында академиялық пәндер бойынша жаһандық рейтингке (#GRAS) енді.
GRAS 2025 рейтингі әлем бойынша шамамен 2000 жоғары оқу орнын қатаң көрсеткіштер негізінде бағалайды. Оларға әлемдік деңгейдегі оқытушылар құрамы, жоғары деңгейлі ғылыми зерттеулердің нәтижелері, ғылыми жұмыстың сапасы мен әсері, халықаралық ынтымақтастық кіреді. Рейтинг сондай-ақ беделді журналдардағы редакциялық қызметтер мен халықаралық білім беру ұйымдарындағы жетекшілік лауазымдарды ескереді.
Бұл Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі үшін маңызды белес болып табылады. Ол білім беру саласындағы сапалы зерттеулерді ілгерілетуге біздің басшылықтың, оқу-әдістемелік құрам мүшелері мен студенттердің тұрақты берілгендігін көрсетеді.