News

Білім берудің саяси экономикасын зерттеу желісі (PEER Network) кітабының тұсаукесері 2024 жылғы 5 наурызда Назарбаев Университетінде өтті

2024 жылғы 5 наурызда білім берудің саяси экономикасын зерттеу желісінің Орталық Азия хабы (PEER Network) Назарбаев Университетінде «Орта Азиядағы білім берудің саяси экономиясы» кітабының жарық көруіне арналған іс-шараны өткізді.

PEER Network - Ұлыбританияның зерттеу және инновациялар қоры (UK Research and Innovation) арқылы Жаһандық мәселелерді зерттеу қоры қаржыландыратын төрт университеттің (Ольстер Университеті, Сассекс Университеті, Назарбаев Университеті және Кейптаун Университеті) үш жылдық зерттеу консорциумы. Жоба Орталық Азияның жаңа бастап жатқан ғалымдарын қолдауға және саяси экономикалық талдауды (СЭТ) пайдалана отырып, жергілікті зерттеулер жүргізуге бағытталған. Орталық Азияның жаңадан бастау алып жатқан зерттеушілерінің жоғарыда аталған жоба шеңберінде іске асырған эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері Palgrave баспасымен «Орта Азиядағы білім берудің саяси экономикасы» кітабында жариялады.

Модераторы Қауымдастырылған профессор Хелен Тибо (Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, саясаттану және халықаралық қатынастар мектебі, Назарбаев Университеті) болған кітаптың тұсаукесері бойынша іс-шара Жоғары білім беру мектебінің деканы, доктор Аида Сағынтаеваның құттықтауы мен кіріспе сөзінен басталды, және ол кітаптың білім беру саласында, әсіресе Орталық Азия контекстінде білім мен түсінікті дамытудағы маңызды кезең екенін атап өтті. Ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі вице-провост, профессор Честер Яблонски команданы жетістікті халықаралық ынтымақтастықпен құттықтап, кітаптың Орталық Азиядағы саяси экономика мен білім берудің өзара байланысын зерттеуге қосқан үлесі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

PEER Network-тың бірлескен бас зерттеушісі, профессор Келси Шэнкс (Ольстер Университеті) және PEER Network Орталық Азия хабының бас зерттеушісі, профессор Наурин Дуррани жобаның негізгі бағыттары мен мақсаттарын, сондай-ақ құрылымдық теңсіздікті түсіну үшін саяси экономикалық талдаудың маңыздылығын және білім берудің әлеуметтік әділеттілікті, тұрақты бейбітшілік пен инклюзивті қоғамды ілгерілетудегі рөлін талқылады. Іс-шараға білім беру саласындағы түрлі ұлттық және халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЮНИСЕФ, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, сондай-ақ Назарбаев Университетінің студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Аймақтық айырмашылықтарды ескере отырып, авторлардың зерттеулері ұлттық бірегейлік, саяси тарих, мемлекеттік емес және халықаралық қатысушылар, дін, тіл және гендер СЭТ объективі арқылы инклюзивті білім мен әлеуметтік келісімге қалай ықпал ететіні немесе кедергі келтіретіні туралы қолданыстағы пікірталастарға ықпал етеді. Кітап осы аймақтағы және одан тыс жерлердегі саясаткерлер, практиктер мен ғалымдар үшін құнды ақпарат көзі болады.

Кітап көпшілікке қол жетімді және оны келесі сілтеме арқылы жүктеуге болады: https://link.springer.com/book/10.1007/978-981-99-8517-3
2024-03-08 09:11 KZ