NU-да ауыл мектептерінің директорлары мен университет әкімшілері үшін көшбасшылық тренингі басталды.
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі HAMK және JAMK фин университеттерімен ынтымақтастықта «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» жобасы шеңберінде «Білім берудегі көшбасшылық» үшінші кәсіптік даму бағдарламасын іске қосуда. Жоба Дүниежүзілік банктің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен іске асырылуда. Осы университет қызметкерлері және ауыл мектеп директорларына арналған бағдарламаны қоса алғанда жүзеге асырылып жатқан жоба аясында тағы бір қатар курстар өткізілуде.
Іс-шараны ашу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова Назарбаев Университетінің білім беру жүйесіне көшбасшыларды даярлаудағы үлесін ерекше атап кетті. «Осы сәтте кафедра меңгерушілері, факультет декандары, оқу бөлімдерінің меңгерушілері және мектеп директорлары болашақта жаңа көшбасшылар болады деп сенемін», - деді ол.
Бағдарлама жоғары білім берудің 200 өкілінің және білім берудегі көшбасшылықтың негізгі салаларындағы ауылдық мектептердің 50 директорының құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Тыңдаушылар білім берудегі соңғы тенденциялар туралы білім алады, инновациялық идеялар мен тәсілдерді қалыптастыруды, жаңа технологияларды қолдануды, болашаққа деген көзқарасты дамытуды және нәтижеге бағдарлану мәселелерін шешуді үйренеді.
Оқыту 72 академиялық сағаттан тұрады және гибридтік форматта жүргізіледі. Ол онлайн сессияларды, халықаралық және жергілікті сарапшылардың қатысуымен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде бір апталық қарқынды офлайн тренингті, сондай-ақ тәлімгерлік бойынша сессияларды қамтиды. Оқыту әдістері тыңдаушыларды бірлесіп оқыту процесіне белсенді тартуға және жаңа педагогикалық қағидаттарды жалпы түсінуді дамытуға бағытталған.
Топтық сабақтар кезінде тыңдаушыларды оқыту процесіне тарту үшін оқытудың белсенді және интерактивті әдістері пайдаланылатын болады, әртүрлі цифрлық құралдар қолданылатын болады. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру және тыңдаушылармен байланысты сақтау үшін Moodle білім беру платформасы қолданылады. Ол тапсырмаларды орындау үшін қажетті ресурстарды, мақалаларды, бейне және иллюстрацияларды қоса алғанда, барлық оқу материалдарының орталықтандырылған қоймасы болып табылады. Бұдан басқа, Moodle платформасы форумдарға, хабарлар алмасуға, чаттарға, түсініктемелерге және блогтарға қол жеткізе отырып, кең ауқымды коммуникациялық мүмкіндіктерге ие. Бұл тыңдаушылар мен сарапшыларға материалды терең түсінуге және тәжірибе алмасуға ықпал ете отырып, оқу сессияларынан тыс белсенді диалог және талқылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама тыңдаушылар үшін қолжетімділік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ете отырып, көптілді форматта іске асырылады. Бағдарламаның барлық сессиялары қазақ, ағылшын және орыс тілдеріне аударылады (жүйелі және ілеспе аударма). Бағдарлама материалдары үш тілге де аударылып, студенттерге оларды қалаған тілінде оқуға мүмкіндік береді.
Оқуды аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.
Тапсырмалар тыңдаушылар үшін олардың білім беру рөліне сәйкес бейімделетін болады. Оқудың негізгі нәтижесі соңғы жобамен жұмыс істеу болады. Тыңдаушылар басты сарапшылардың басшылығымен Назарбаев Университетінде апта бойы офлайн режимінде осы тапсырманы орындауға кіріседі, ал барлық семинарлар тыңдаушыларға тапсырманы орындауда қолдау көрсетеді.
Бағдарламаның соңғы жобасы тыңдаушылардың үш тобының әрқайсысына бейімделген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу үшін Жол картасын әзірлеуді көздейді:
Жоғары оқу орындарының басшылары үшін: Болашақ көзқарасқа сәйкес персонал мен ресурстарды басқаруға назар аудару. Негізгі мақсаты - қолайлы білім беру және жұмыс ортасын құру, уақытша ресурстарды қамтамасыз ету және «Білім беруді жаңғырту» жобасының реформасын және мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты іске асыру үшін белсенді процесті құру.
Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жоғары оқу орындарының департаменттерінің өкілдері үшін: Жаңа білім беру бағдарламасының қағидаттарына сәйкес келетін сапаны үздіксіз ішкі бағалау процесін құруға баса назар аудару. Өзгерістерді жалпы түсіну үшін педагогикалық білім беру факультеттерімен ынтымақтастық жоспарын әзірлеу маңызды аспект болып табылады.
Ауылдық мектеп директорлары үшін: Оқыту жаңа білім беру бағдарламаларына қатысты жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы ынтымақтастық пен желілік өзара іс-қимылға бағытталған. Ауыл мектептерінің директорлары жобаны тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының күнделікті тәжірибесіне басшылық жасайды.