News

Мичиган штаты университетінің профессоры НУ ЖББМ-де білім беру саласында жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдалану мәселесі туралы баяндады

2025 жылғы 24 қазанда Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде Мичиган штаты университетінің профессоры, доктор Дуглас К. Хартманның «Генеративті жасанды интеллектті этикалық және тиімді пайдалану үшін бүкіл әлем бойынша 100 миллион мұғалімді қалай дайындауға болады? Абдуктивті зерттеу» атты қонақ дәрісі өтті.

Дәрісінде профессор Хартман мұғалімдердің бүкіл әлемде генеративті ЖИ модельдерін оқу үдерісіне жауапкершілікпен және шығармашылық тұрғыда енгізу жолдарын қызықты әрі терең талдаумен таныстырды. Талқылау барысында мұғалімдерге ЖИ құралдарын білім сапасын арттыруға және инновацияларды дамытуға бағыттайтын білім мен этикалық бағдарларды қамтамасыз ету қажеттілігінің артып келе жатқаны ерекше атап көрсетілді.

НУ ЖБМ-де студенттер мен оқытушылар әлемдік деңгейдегі сарапшылармен үнемі өзара әрекеттесіп, академиялық ортаға халықаралық тәжірибе әкеледі және білімнің болашағы туралы мазмұнды диалогқа мүмкіндік береді.
KZ