News

NUGSE қызметкерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің (NUGSE) екі қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің атынан Назарбаев Университетінің Президенті, профессор Вакар Ахмад профессор Анас Хажарға «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін табыстады.

Профессор Анас Хажар NUGSE-дегі ең көп жарияланым жасаған ғалымдардың бірі болып табылады, сондай-ақ білім беру саласы бойынша әлемдегі ең көп дәйексөз келтірілетін ғалымдардың үздік 2%-ына, әрі Қазақстандағы ең көп дәйексөз келтірілетін білім беру саласындағы ғалымдардың үздік 1%-ына кіреді.

Сонымен қатар, президент Вакар Ахмад NUGSE әкімшілік директоры Гүлжанат Тлегеноваға Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қаса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Құрмет грамотасын табыстады.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және алдағы уақытта да кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
2025-12-15 14:16 KZ