Көшбасшылық дегеніміз - тек белгілі бір лауазымды атқару емес. Ол шешімдерге ықпал ету, ресурстарды жұмылдыру, серіктестік орнату және өзгерістерге бастамашы болу қабілеті.
9-10 қыркүйек күндері Nazarbayev University-де Әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасының (Women Leadership Development Programme, WLDP) екінші модуліне 80-ге жуық әйел көшбасшы мен кәсіби дамуға ұмтылған маман жиналды.
Екі күндік модуль жоғары білім беру және ғылыми зерттеулер, мемлекеттік саясат, бизнес, кәсіпкерлік және үкіметтік емес сектор өкілдерін біріктірді. Бұл бағдарламаның негізгі қағидаттарының бірі - әртүрлі салалар арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты дамыту.
Модуль д-р Гүлмира Қанай, PFHEA - Nazarbayev University-дің вице-президенті әрі бағдарламаны әзірлеушілердің бірі -құттықтау сөзімен ашылды. Ол әйелдердің көшбасшылық әлеуетін нығайтуға және кәсіби байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Қатысушылар көшбасшылықтың практикалық қырларын талқылады. Олардың қатарында стратегиялық басқару, серіктестікті дамыту, қаржылық шешімдер қабылдау, гранттар тарту, қызмет ауқымын кеңейту стратегиялары, гендерлік аспектілерді ескеретін бюджеттеу, интернационалдандыру және жауапты басқару мәселелері болды.
Д-р Аида Сагинтаева, Nazarbayev University-дің академиялық жоспарлау және бюджеттеу жөніндегі вице-провосты әрі Жоғары білім беру мектебінің деканы, әйелдердің өкілдігін арттырудан нақты ықпал етуге көшудің маңыздылығын атап өтті:
«Мәселе тек әйелдердің өкілдігін арттыруда емес, олардың ықпал ету мүмкіндігінде -басымдықтарды айқындау, шешімдер қабылдау, ресурстарды жұмылдыру, одақтастық орнату және өзгерістерге жетекшілік ету қабілетінде».
Модуль аясында өнер көшбасшылықты дамыту құралы ретінде де қарастырылды. Қазақстандық суретшілермен өткен пікірталас барысында қатысушылар шығармашылық, төзімділік, мәдени мұра, ынта және сабақтастық туралы ой бөлісіп, көшбасшылық тақырыбын мәдени тұрғыдан зерделеді.
Бағдарлама бизнес, саясат және білім беру салаларының өкілдері қатысқан әйелдердің стратегиялық және қаржылық шешімдер қабылдаудағы көшбасшылығына арналған панельдік пікірталаспен толықтырылды.
WLDP бағдарламасын Nazarbayev University-дің Жоғары білім беру мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және Жоғары бизнес мектебі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен серіктестікте бірлесіп әзірледі.
Аралас форматта жүзеге асырылатын бағдарлама 120 сағаттық оқуды, менторлық қолдауды, салааралық байланыстар орнатуды және қорытынды жобаны қамтиды.
WLDP - кәсіби даму бағдарламасынан әлдеқайда ауқымды бастама. Бұл Қазақстандағы ұйымдардың дамуына және қоғамдағы елеулі өзгерістерге үлес қосуға дайын әйел көшбасшылар қауымдастығына салынған инвестиция.
Екінші модуль аяқталды. Көшбасшылық жолы жалғасуда!