News

Әлемдік мойындау: НУ ЖББМ-ге QAA халықаралық аккредитациясы берілді

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі (НУ ЖББМ) жоғары білім сапасын бағалаудағы әлемдік жетекші ұйымдардың бірі – Британдық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігі (QAA) тарапынан бағдарламаларының халықаралық аккредитациясына ие болды. Бұл аккредитация QAA тарапынан үш академиялық бағдарламаның сәтті сыртқы қаралымы нәтижесінде берілді:

Көптілді білім беру магистратурасы (MA in Multilingual Education)
Білім беру көшбасшылығы магистратурасы (MSc in Educational Leadership)
Докторантура (PhD in Education)

Біз бұл маңызды жаңалықты НУ ЖББМ және Назарбаев Университеті қоғамдастығымен бөлісе алатындығымызды мақтан тұтамыз. QAA халықаралық аккредитациясын алу біздің академиялық бағдарламаларымыздың сапасын, оқытушылар мен қызметкерлердің кәсібилігін және адалдығын, сондай-ақ студенттер мен түлектердің жетістіктерін мойындау болып табылады. Осы нәтижеге үлес қосқан барлық адамдарға алғысымызды білдіреміз. Бұл ортақ жетістік және Қазақстандағы білім беруді үздік әлемдік тәжірибелерге сай одан әрі нығайтудағы маңызды қадам.
2026-01-15 12:36 KZ